Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының арасында үстел теннисінен ұлдар және қыздар арасында турнир өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Спорттық шараның басты мақсаты- жастар арасында зиянды әрекеттерді бодырмау, алдын алу, жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Темекі шегіп, алкоголь өнімдеріне әуес болу мектеп жасындағы оқушы түгілі, ересек адамға да зиян. Әр бала жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, спортпен айналысуға, білімін жетілдіруге, кітапханаға барып, көркем әдебиет оқуға, суға жүзуге, бокспен айналысуға әдеттенуі керек. Денің сау, шымыр боп өсу — зиянды әрекеттерден аулақ болудың ең дұрыс жолы.
Турнирде жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп жастары өзара сайысқа түсті. Тартысты өткен турнир нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болған жастар арнайы аудан әкімі алғыс хатымен және де сыйлықтармен марапатталды.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны ұйымдастырылған болатын. Аталған сайыс жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту және өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған.
Атап айтсақ, 6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезең бойынша өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуге, танымдық, парасаттылық сұрақтары мен белгілі тұлғаларды танып-білу бойынша білімдері тексерілді. Ал, зияткерлік ойынға қатысушыларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Серпіліс» қоғамдық қорының, Арнайы мониторингтік топ өкілдері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі мен журналистер әділ бағасын берді.
Сондай-ақ, «Брейн-ринг» қорытындысы бойынша 1-орынды №4 Байланыс және энергетика колледжінің «Энергетик» командасы, 2-орынды «Мирас» колледжінің «Мирас» командасы, ал 3-орынды «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің » Адал ұрпақ» командасы иеленді. Ал, сайыста топ жарып жеңіске жеткендер «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өтетін Форумда марапатталды.