Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент қаласының Ұлттық теннис орталығында жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 1-13 мамыр аралығына жоспарланған Junior Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup Азия/Океания аймағының іріктеу сайысына 16 жасқа дейінгі аталған аймақтың ең мықты жасөспірімдері бақ сынайды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов іс-шарада көпшілікті бүгінгі мерекемен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Шымкент қаласына қош келдіңіздер. Әлем чемпионатына іріктеу сайысының қаламызда ұйымдастырылуы үлкен мәртебе, айтулы оқиға. Осы ретте халықаралық теннис федерациясына, ҚР Теннис федерациясына және демеушілерге алғысымды білдіремін. Турнирде шын мықтылар жеңсін!, — деді қала әкімі.
ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев сайыстың маңызы зор екенін атап өтіп, барша ұйымдастырушыларға рақметін жеткізді.
Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу елімізде алғаш рет өтіп жатыр. Жасөспірім қыздар және ұлдар арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан, Аустралия, Қытай Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам командалары қатысады.
Айтулы додада ел намысын Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облысы және Астана, Алматы қалаларының жасөспірімдері қорғайды. Отандастарымызға сәттілік тілейміз.
Айта кетейік, Шымкент қаласында заманауи талаптарға сай үстел теннисі орталығы салтанатты түрде ашылған болатын. Жаңа нысанның құрылысы 2022 жылдың қазан айында аяқталған болатын. Құрылыстың жалпы құны – 1,2 млрд теңге. Қазіргі таңда орталық Шымкент қаласының үстел теннисі федерациясына қарасты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*