Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » “БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ” САЙЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

“БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫ” САЙЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытуда жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Базар жастар лигасы» футбол және волейбол турнирі басталды. Халықаралық жастар күніне орай биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеге қаладағы базарлар және сауда орындарының командалары қатысуда.
Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.
Қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, базар жастар лигасы алда дәстүрлі сайысқа айналатынына сенім білдірді.
Алғашқы сайысқа 200-ге жуық өтінім түсіп, жалпы 16 команда бақ сынап жатыр. Атап айтқанда,«Барыс»,«Тұлпар»,«Авто-Нұр»,«Айна»,«Жібек жолы»,«Алаш»,«Акбар»,«Көне қала»,«Пионер»,«Орталық қырғы» базарлары және «Технодом»,«Эврика»,«Магнум»,«Мечта», Sulpak,«Север» сауда орталығы командалары жастары өзара мықтыларды анықтайды.
Ұлдар арасындағы футбол сайысы 11 тамыз күні аяқталады. 14 тамыз күні қыздар арасында волейбол сайысы басталады.
Жеңімпаз командалар қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы атынан арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*