Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » КІШІ ФУТБОЛДАН “БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

КІШІ ФУТБОЛДАН “БАЗАР ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын.

Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытуда жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда.

Халықаралық жастар күніне орай бүгін ұлдар арасында кіші футболдан «Базар жастар лигасы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Биыл алғаш рет қолға алынған спорттық бәсекеде қаладағы базарлар және сауда орындарының 16 командасы бақ сынап, үздіктер анықталды. Алғашқы турнирде Акбар базары командасы жеңімпаз атанды.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов іс-шараға қатысып, бұқаралық спортты дамытуда бұл сайыстың маңызы зор екенін атап өтті. Жастарға серпін беріп, алда дәстүрлі сайысқа айналуына тілектестігін жеткізді.

Жеңімпаз және жүлдегерлер арнайы дипломдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, жеңімпаз “Акбар базары” командасына 10 дана планшет, екінші орын алған “Көне қала сауда орталығы” командасына 10 дана смартфон, үшінші орын иегері “Барыс базары” командасына 10 дана велосипед табыс етілді. Сонымен қатар, бірқатар ойыншылар “Үздік қорғаушы”, Үздік қақпашы”, “Үздік шабуылшы” номинацияларымен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты – базар және сауда орындарындағы жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Турнирдің екінші кезеңінде 14 тамыз күні қыздар арасында волейболдан сайыс өтеді.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*