Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті қолға алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары, оның ішінде қала аумағына бейнекамералар орнату мәселелері туралы мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжіліске қала аумағынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары, аудандық полиция бөлімінің өкілі, қала әкімі аппараты және тиісті бөлім қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімі Сарыағаш қаласында қоғамдық тәртіпті қолға алу бағытында бейнекамералар орнату және сонымен қадағалау қажеттілігін және оларды орнату орындары бойынша халық қалаулыларының ұсыныстарын тыңдап, қосымша мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында, сала орынбасарына, қала және тиісті бөлім қызметкерлеріне депутаттар тарапынан қойылған ұсыныстарды назарға алып, тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Соынмен бірге, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
— мал ұрлығы
— адам саудасы
— заңсыз құрылыс
Мәжіліс барсында күн тәртібінде бекітілген мәселелер талқылынып шешу жолдары қарастырылды.
Кезекті отырысты қорытындылаған аудан басшысы аудан аумағында құқық бұзушылық профилактикасының алдын алу жұмыстары бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.