Бәйдібек ауданы полиция бастығы Нұрдәулет Ажибековтың бастамасымен, жеке құрам қызметкерлері полиция бөлім ғимаратында мектеп оқушылары үшін «Ашық есік» күнін өткізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы болашақ бітіруші түлектерге полиция қызметкерлерінің бір күндік жұмыс күнін таныстыру, жасөспірімдердің еліне деген патриоттық сезімдерін жетілдіріп, полиция қызметіне сенімдерін нығайту.
Аталмыш шарада полиция басшысы Нұрдәулет Кәмілұлы жасөспірімдерге полиция қызметкерлерінің жұмыс барысында арнайы қолданатын құралдарды таныстырып, қай кезде қолдану керектігін түсіндірді. Сондай-ақ оқушыларға қазіргі таңда полиция саласының ерекшеліктері мен оқу орындарына түсу ережелері туралы тың ақпараттармен бөлісті.
Шара соңында жасөспірімдер құзырлы орган өкілдерінің жұмысымен және заңға бағынатын тәртіп негіздерін, көше мен тұрмыста қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігімен толыққанды танысты.