Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ЖІГІТТЕРІМІЗ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА САҚАДАЙ САЙ

ЖІГІТТЕРІМІЗ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА САҚАДАЙ САЙ

Париждегі ХХХІІІ жазғы ойындарының басталуы 26-шы шілдеге жоспарланғанымен бүгіндері  жарыс ойындары басталып, байрақты бәсекеде бірқатар спортшылар жүлдері орындарын иеленіп үлгерді. Франция астанасында өтетін олимпиадаға Шымкент қаласынан 9 спортшы — Абабакиров Самирхон, Сабырхан Махмуд, Искакова Руфина, Сергей Токарницкий, Сергей Емельняков, Эльжана Таниева, Әлімжан Сыздықов, Эльмир Әлімжанов, Сертай Ерлік ел намысын қорғайды.
Ертең Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді. Ал, бүгін спортшыларымыз дзюдо, бокс және теннистен жеребе тарту рәсімі болады. Яғни алғашқы қарсыластары белгілі болады. Дода басталмай тұрып бірнеше спорт түрінен іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Олардың арасында жерлестеріміз де бар.
Ал, бокстан Франция астанасына келген спортшыларымыз жергілікті климатқа бейімделіп, жаттығу жұмыстарын өткізуде.
Дүбірлі доданы отандық 5 телеарна тікелей эфирден көрсету құқына ие болды. Бұл қатарда Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, «Хабар» және «Ел арна» телеарналары бар. Төртжылдықтың басты бәсекесі 26 шілде — 11 тамыз аралығында өтеді.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша: «Төртжылдықтың басты спорт додасы, ертең басталады. Бүгін бірнеше спорт түрінен іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Оның арасында біздің садақ тарту шебелері де бар. Сондай-ақ бүгін бокс, дзюдо және теннистен спортшыларымыз алғашқы қарсыластарын жеребе арқылы анықтайды. Айта кету керек, былғары қолғар шеберлері бұл олимпиадаға толық құраммен келді. Ал, әйелдер арасындағы бокстан тұңғыш рет үш спортшымыз Олимпиаданың шаршы алаңына шығады. Дзюдодан осымен үшінші олипиадасына қатысқалы отырған Елдос Сметов, соңғы үш жыл бойы барлық халықаралық жарыстардан жүлде алып жүрген Әбиба Әбужақынова да сынға түседі. Ал, Елена Рыбакина мен Александр Бублик аралас жұптасып өнер көрсетуден тағы бір лицензия алған деген хабар тарап еді. Бірақ, халықаралық олимпиада комитеті әлі нақты шешім шығарған жоқ. Жалпы, осы бәсі биік байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды».

Еске сала кетейік, Төртжылдықтың айтулы спорт додасына еліміздің 80 спортшысы барады. Олар 92 спорт түрінен сынға түседі. Франция елінде бақ сынайтын 80 атлетіміздің 54-і ер адам болса, 26-сы әйелдер. Құраманың орташа жасы 26,5.
Ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*