Бүгін Шардара жерінде өткен қазақ күресінен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тұғырым!» атты ұранымен Түркістан облысының ІІІ спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанаты барысында сөз алған Аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы қазақ күресін қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, спортшыларымызға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады.
Келесі сөз кезегін алған құрметті қонақтарымыз Шардара аудандық мәслихат хатшысы Қарсыбаев Арман Романұлы және Шарадара қаласының әкімі Бекет Ережеп Құдайбергенұлы боз кілем шеберлерін тек жеңіс тұғырынан көріне берулерін тіледі. Сөз соңында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Муслимова Жазира Рүстемқызы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын Түркістан облысында кеңінен аталып өткізіліп жатқанын айтып, осы жарысты ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді.
Сонымен қатар, елімізде қазақ күресінің дамытудағы сіңіріп жатқан еңбегі үшін Шардара ауданы әкімінің алғыс хатымен, естелік сыйлығымен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының аға жаттықтрыушысы Пазылбек Қайрат Серқұлұлын аудан әкімі орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы марапаттады.
Елімізде спортын дамытудағы сіңіріп жатқан еңбегі үшін, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Шардара аудандық мәслихат хатшысы Арман Романұлының алғыс хатымен, естелік сыйлығымен Муслимова Жазира Рустемқызы марапатталып және Шардара қаласының әкімі Бекет Ережеп Құдайбергенұлының алғыс хатымен, естелік сыйлығымен Құрбанов Бекбай Сәттіғұлұлын марапаттады.
Мұнан кейін қазақ күресінен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік тұғырым!» атты ұранымен Түркістан облысының ІІІ спартакиадасы басталып кетті.