Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » Күш атасы Қажымұқанның 150 жылдығына арналған спорттық шара жалғасуда

Күш атасы Қажымұқанның 150 жылдығына арналған спорттық шара жалғасуда

Темірлан ауылы, Қажымұқан атындағы орталық стадионның жабық қаңқалы кіші футбол алаңшасында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» аясында және «6 шілде — Нұрсұлтан күніне» арналған мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Жалпы Ордабасы ауданында «Қажымұқан Мұнайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына» орай 150 іс-шара жоспарланып, спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі, аптасына екі рет өткізіліп тұратын кіші футбол бәсекесі.
Жарысқа мемлекеттік қызметкерлерден жасақталған командалар мен ауылдың спорт сүйер жастарынан құрылған командалар қатысуда. Спорттық жарыстың мақсаты қызметкерлер арасында достық қарым-қатынас пен салауатты өмір салтын ұстану.
Жарыс өз мәресіне жетіп, 1 орын — Манчестер Сити командасы, 2 орын — Аудан әкімі аппараты командасы, 3 орын —  Қажымұқан ауылының құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлдегер командалар мен үздік ойыншыларға медаль, Алғыс хат пен, спорттық форма табысталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*