Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқару барысында, құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады. Полиция күдіктінің ауласын тінту барысында, 5 литрлік контейнерден құрамында есірткіге ұқсас өсімдіктің үш түбін тапты. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері жалпы салмағы 65 грамнан асатын «сора» болып шықты. Анықталғандай, жас жігіт есірткі өсімдігін елді мекендердің бірінен тауып, ...
Читать далее »Қоғам
Полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Келес ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі мал ұрлығы туралы арызданып, белгісіз біреу 700 мың теңге тұратын жылқысын жымқырып кеткенін хабарлады. Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні, Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұрланған жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық ...
Читать далее »Полицейлер өтіп бара жатқан тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні ұстады
Жетісай ауданының полициясына жәбірленуші әйел хабарласып, көшелердің бірінде белгісіз адам құны 95 мың теңге болатын ұялы телефонын күшпен тартып алғанын хабарлады. Бұл факт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адаммен болған жанжал кезінде, күдікті одан Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа өткізгені ...
Читать далее »2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛМЕДІ
2023 жылы нәрестелер өлімі 7,4% пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылы босандыру және балалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде перинаталдық көмектің 3-деңгейіне- № 2 Қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесі және қалалық перзентхана ауыстырылды. Сондай-ақ № 3 Қалалық ауруханасының перзентхана ...
Читать далее »Жат ағым — жат дүние
ХХІ ғасырда интернеттің дамуымен қатар, виртуалды әлемдегі теріс деструктивті ағымдардың да белсенділігі артып отыр. Бұрын көше кезіп өз сенімдерін таратқан олар бүгінде толықтай ғаламторға көшті десе болады. Алайда, белгілері өзгерген жоқ. Мұндай деструктивті ағымдарды тану үшін адамға дін ғұламасы болу керек емес. Жат ағымдардың негізгі белгілерін тани білсе, кез келген адам теріс идеологияны таратқан дінбұзарлардың қақпанынан аман қалуы мүмкін екені ...
Читать далее »Мас халде көлік тізгіндеу-қылмыс
Түркістандық патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 2:30 шамасында рейд кезінде күдік тудырған “Lada Granta” маркалы автокөлікті байқады. Полиция автокөліктің соңынан жүріп, оған тоқтау қажеттігін хабарлады. Алайда жүргізуші тарап тәртіп сақшыларына бағынбай жылдамдықты асырып, қаша жөнелді. Дегенменде полицейлер көлік тізгіндеушіні соңынан қалмай, қолға түсірді. Яғни 38 жастағы спирттік ішімдік ішіп алған жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсетті. Құжаттарын тексеру кезінде оның ...
Читать далее »Полицейлер алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні анықтады
Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғынның үйінен алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні анықтады. Анықталғандай, клиенттің үйін тазалау үшін келген әйел, оның шкафтарында болған алтын бұйымдарын байқатпай ұрлап кеткен. Ұрланған мүліктің құны шамамен 350 мың теңгені құрады. Полиция бөліміне жеткізілген күдікті Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүргізілуде. Алынған алтын бұйымдар ...
Читать далее »Полицейлер Түркістан облысы тұрғынының ауласынан есірткі тәркіледі
Әлемдегі ең қауіпті қылмыстардың бірі – есірткі қолдану және тасымалдау, сату бизнесі. Қылмыс әлемінің серкелері үшін бұл табысты «бизнес көзі» болғандықтан, онымен күрес те қарқынды жүргізілуі және бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Әрине, Қазақстан бірнеше мемлекетпен шектесетіндіктен, халықаралық есірткі тасымалы тұрғысынан өте сақтықты қажет етеді. Оның үстіне ішкі жағдайға да айрықша бақылау қажет. Өйткені есірткі өнімдерін өсірумен, өндірумен, тасымалдаумен айналысатын ...
Читать далее »Полиция жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты 164 жүк көлігін айыптұраққа қойды
Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында, облыс полицейлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Облыс әкімі Д. Сатыбалды мен полиция генерал-майоры М. Қабденов бұл шараны қатаң бақылауға алған. Осы ретте Сауран ауданында рейд өтіп, 1 тәулікте заңсыз жер қойнауын тасымалдаудың 5 жайты анықталды. Жүк көліктері айыптұраққа қойылды. Ал құжаттар әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Экология департаментіне жолданды. ...
Читать далее »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАДЫ
Кентаудағы Жылу энерго орталығының қазандықтарын жөндеу, жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Стратегиялық маңызы бар нысанның құрылысы қатаң бақылауға алынған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жексенбі күні кезекті рет Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін дәстүргей сай Жылу энерго орталығында ...
Читать далее »