Жедел іздестіру шаралары барысында Ордабасын аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірнеше сағат ішінде өзгенің көлігін айдап кеткен ер адамды ұстады. Жергілікті тұрғындардың бірі үй маңында тұрған «Мерседес Бенц» көлігінің ұрланғаны туралы полиция бөліміне хабарлап, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Анықталғандай, ұсталған Шымкент қаласының тұрғыны мас күйінде өзгенің көлігін айдап әкетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Қазіргі уақытта мегаполис тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 15 ...
Читать далее »Қоғам
Түркістан облысының полициясы қытайлық инвесторлармен кездесті
Түркістан облысын дамыту мақсатында бірінші кезектегі міндет жергілікті атқарушы орган өңірдің экономикасына шетелдік инвесторларды тарту болып табылады. Ең алдымен, бұл облыста жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Осындай инвесторлардың бірі Түркістан облысының Арыс ауданындағы егіс алқаптарында мақта өнімдерін өсіруді жүзеге асыратын Қытай Халық Республикасының мамандары болып табылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгін Түркістан облысы полиция департаментінің ...
Читать далее »Арыс ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Арыс аудандық полиция бөлімі ағымдағы жылдың 9-12 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Акция жайдан-жай өткізіліп отырған жоқ. Себебі, елімізде жол апатынан қаза табатындар саны жыл сайын артып келеді. Жолдағы қайғылы оқиғалардың көбейіп кетуіне басты себеп – жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыратыны және өздерін ...
Читать далее »Түркістан облысының тұрғынынан 160-тан астам патрон мен мылтық тәркіленді
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Түркістан облысының полицейлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, жергілікті тұрғыннан атыс қаруы мен оқ-дәрілерін тәркіледі. Жедел уәкілдер Созақ ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, оның сейфінен аңшылық мылтық пен түрлі калибрлі 160-тан астам патрон тапты. Оның ішінде АК-47 автоматы мен травматикалық қарудың оқтары бар. Ер адам өз жауабында, патрондарды бір жыл бұрын тауып алып, осы уақытқа дейін үйінде ...
Читать далее »Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіледі
Түркістан облысының полицейлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, Созақ ауданы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады. Созақ аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Таукент қаласы көшелерінің бірінде есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның спорттық киімінің қалтасынан өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі қағаз орамасын тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы ...
Читать далее »Полицейлер 12 бас мал ұрлаған күдіктіні ұстады
Ел тұрғындарының баптап-күткен малдарының бір сәтте жоғалуы кімге болса да оңай тимесі анық. Қырағылық танытпаған жұрт малдарынан айырылуда. Сол себепті мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырғаны анық. Арқаны кеңге салған кейбір тұрғындар ірі қарасын қараусыз жайылымға жіберіп, ол өз кезегінде малдың кедергісіз ұрлануына жағдай туғызады. Бүгінгі таңда облыс аумағында мал ұрлығы санатындағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында сарыағаштық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДА МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы мен Қытай арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жұмыс сапарында облыс делегациясы бірнеше провинция мен қалаларындағы алпауыт компаниялардың жұмысымен танысады. Жергілікті билік басшыларымен екіжақты байланысты нығайту, әріптестік туралы меморандумға қол қою көзделген. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ
Шэньси провинциясының Вэйнань қаласындағы жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы аймақтағы ірі өнеркәсіп орындарын аралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының әкімдігі мен Қытайдағы Қазақстан елшілігі және Бас консулдық бірлесе ұйымдастырған кездесулер жалғасты. Бағдарлама бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация мен Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев іс-шараларға қатысты. ...
Читать далее »АРЫСТЫҚТАР АЛЫПТАРДЫҢ АЛАПАТ АЙҚАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ – АЗАМАТТЫ САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Астана төрінде 6 шілде де алғаш рет елорданың 25 жылдығына арналған «Толағай» алыптар сайысы өткен болатын. Бес сайыстың қорытындысы бойынша барлық қарсыласынан оза шапқан білекті батыр, Арыстың мақтанышы Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткізілген турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай еліміздің әр ...
Читать далее »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында аудан бойынша жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен ауыл тұрғындары жұмыла кірісіп, аялдамаларды, ішкі көшелерді, саябақтар мен арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағындағы тал көшеттері суарылып, арам шөптер оталды. ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары