Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2021 » Апрель (страница 4)

Месячные архивы: Апрель 2021

ШЫМКЕНТТЕ 4 МАМЫРДАН БАСТАП ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРЕДІ

Шымкент қаласында 4 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді. – Шымкентте бүгінде жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді. Осы орайда қалалық мәслихаттың шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІН БІРЛЕСЕ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ

«Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Сессия барысында Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Назарбаев отыз жылдағы елеулі жетістерге тоқталып, Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

Елімізде баспана мәселесін шешудің түрлі жолдары қарастырылған. 2019 жылы: Шымкент қаласында тұрғын үй алу тізімінде 40 516 азамат тіркеліп, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйге 540 отбасы қол жеткізді. Оның ішінде санаттар бойынша: 177 пәтері көпбалалы отбасыларға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтарына және бюджеттік сала ...

Читать далее »

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ «РАМАЗАН-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері мен «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының кезекті «Кіршіксіз Рамазан» қайырымдылық шарасы Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келді. Атап айтсақ, Еңбекші және Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері асыраушысынан айырылған 86 отбасына барып, жағдайларын сұрап, Рамазан айымен құттықтады. Тәртіп сақшылары атынан арнайы оразаға қажетті азық-түліктерді (құрма, талқан, тары, құрт, сары май, шырын, нан) үлестіріп берді. Өз кезегінде асыраушысынан айырылған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 90 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Шымкентте емханаларда түнгі сағат 00:00-ге дейін коровонирусқа қарсы вакцина салдыруға болады. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті. – Қазіргі таңда коронавирус індетінің өршуіне байланысты Шымкент қаласы «қызыл аймақта» тұр. Осыған орай, Шымкенттегі мемлекеттік және жекеменшік барлық емханаларда түнгі сағат 00:00-ге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болады, — деді қаланың бас дәрігері. Жалпы Шымкентте өткен ...

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Департамент басшысы А.Жұмағалидің төрағалығымен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақсатты жиын өтті. Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, «Shymkent» ӘКК төрағасы Б.Канкин қатысты. Онлайн режимде өткен жиында Департамент басшысы Асхат Жұмағали елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті. Қоғам індетімен күрес шаралары әрбір мекеме басшысының қызметінде басым ...

Читать далее »

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОЛАҚТА «СЕРГЕК» КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкентте бірқатар көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақта “Сергек” аппараттық — бағдарламалық кешені іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады. Департаменттің мәлімдеуінше, Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі «Шымкент Цирк» тұсында жаяу жүргіншіге арналған жолақта “Сергек” аппараттық — бағдарламалық кешені іске қосылды. «Жылдамдық 40 км сағатына, автокөлік егелеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты арттырмауға шақырамыз», — делінген хабарламада. Жалпы ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Әл–Фараби аудандық филиалының кезекті ХLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Бектаева Жанар Әлібекқызы, Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Ғылымның дамуы — бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі. Шымкентте академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Жиында 9 мемлекеттің ғалымдары мен ел профессорлары баяндама оқыды. Конференцияда «Қуатбеков оқуларының» алғашқы басылымы да таныстырылды. Оқу үрдісіндегі ІТ-технология, баламалы энергия, әлеуметтік гуманитарлық мәселелер тақырыбын арқау еткен жиынға жалпы саны 342 мақала келіп түскен. Халықаралық деңгейдегі жиында аталған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының №10 учаскелік полиция пункті қызметкерлері Сералиев Серғазы және Орынбай Елдар қоғамдық көмекшілер бірлесе қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі. Қасиетті Разаман айына орай тәртіп сақшылары мен олардың көмекшілері көмекке мұқтаж отбасылардың біріне барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық — түлік өнімдерін жеткізіп берді. Сауабы ...

Читать далее »