Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Январь » 14 (страница 3)

Ежедневные архивы: 14.01.2022

366 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін комменданттық сағат орнауда. Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 ...

Читать далее »

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты қаладағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудандағы адамдар көп шоғырланатын базарларға мобильдік топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, азаматтарды ревакцинация алуға шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базардағы бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек екенін жеткізді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, ...

Читать далее »

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында былтырғы жылдан құрылысы өтпелі 41 тұрғын үйдіңқұрылысы жалғасуда. Пәтер саны 2432 болатын үй жыл қорытындысымен пайдалануға берілмек.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын бүгінқала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.Өз баяндамасында, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев құрылыс материалдардыңотандық өнім үлесі 91 пайызды құрайтынын мәлімдеді. Мердігерлермен кездескен шаһар басшысы тұрғындар үшін баспана сапасы маңызды ...

Читать далее »

12 ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ мәлімдеді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жалпы 82 оқу орталығы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында 2480 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алса, кәсіпорындар мен қауымдастықтар жанындағы 12 оқу орталығы мемлекеттік тапсырыс алған.– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік беретін оқу орталықтарының тізілімін ...

Читать далее »

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ТӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР ҚҰРЫЛАДЫ

Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің коэффициенттері қайта қаралады. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру басталды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.– Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау бойынша мәселені пысықтайды, – деді министр Үкімет отырысында.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кәдеге жарату төлемін әкімшіліктендіру ...

Читать далее »

БАЗАРДА БАҒА ТҰРАҚТЫ, САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов СЭС мамандарымен бірге қаланың бірқатар базарын аралап, азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуге, ковид індетінің алдын алуға және елде орын алған ахуалға байланысты халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.– Елде болған күрделі жағдай экономикаға кері әсерін тигізді. Бірақ бұл азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне себеп болмау керек. Өйткені қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Екінші мәселе, ковид індеті жылдам таралып жатыр. ...

Читать далее »

Мұрат Әйтенов: «КҮРДЕЛІ НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК!»

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов автоматтандырылған газ тарату стансасының іске қосу жұмыстары бойынша жүргізіліп жатқан техникалық дайындық жұмыстарымен танысты.Қала әкімі АГРС-З — стратегиялық нысан болғандықтан іске қосу жұмысында қателікке жол берілмеуін ескертті. Сонымен бірге, газбен қамтудың қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы маңыздылығын атап өтті.Өткен жылы АГРС-3 нысанының газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүргізу барысында орнатылған құрал-жабдықтар гидроқысымды көтермей, ...

Читать далее »

БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ШАҚЫРДЫ

«Шымкент қаласында 2022 жылдың басынан бері коронавирус жұқтырған 933 науқас анықталды. Ал, осы мерзім ішінде 7 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша 221 жағдайы тіркелді. Ауруханадағы науқастардың басым бөлігі вакцина алмаған азаматтар». Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Шымкент қаласы 11 қаңтардан бастап эпидемиологиялық ахуал бойынша қызыл аймаққа өтті. ...

Читать далее »

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарды «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады.ҚР Үкіметінің 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын «жастар практикасы» уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған.Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы шарт. Сонымен қатар, өз мамандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде (2020-2022 ж) жоғары ...

Читать далее »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Шымкентте төтенше жағдай кезінде қала тазалығын сақтау және қоқыстан тазарту жұмыстары бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде онындалуда. Қаладағы тазалық мекемелері жұмыстарын кестеге сай атқаруда.Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелердің тазалығын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы қамтамасыз етуде. Бүгінде көшелерді сыпыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына 235 жұмысшы және 72 арнайы техника жұмылдырылған.Ал ішкі орамдық көшелер мен көпқабатты үй аулаларының тазалығын «Айдынбек» және «Нұреке Азия Бизнес» ...

Читать далее »