Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Июль (страница 13)

Месячные архивы: Июль 2022

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 17 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Шаһарда көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Жалпы бұқаралық спортқа қолжетімділік ауладан басталады. Бұл орайда ойын алаңшалары мен спорт алаңдарын салуда тұрғындардың ұсыныстарымен, талап-тілектерімен іске асатын «Халық қатысатын бюджет» жобасының берері мол. Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жоспарда 10 спорт алаңшасын салу көзделген. ...

Читать далее »

«КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ» ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Шымкент қаласында «Көрме орталығы» қайта ашылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент келбеті газетіне сілтеме жасап. Мәдениет саласының ардагері Күлия Айдарбекова мен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Ахат Насыр салтанатты түрде ғимараттың лентасын қиып, сонымен қатар, салтанатты шараға жиналған көпшілік «Әжелер ансамблінің» шашуымен аталған нысанның ішіне енді. «Шымкент өркениеті» салтанатты жиынының аясында роботтар көрмесі ұйымдастырылып, ...

Читать далее »

Шымкентте 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда

Шымкент қаласында 76 МСАК нысаны бар, 2025 жылға дейін 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласына келген жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтып өтті. Халықтың сұрау салуы бойынша амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету Қағидалары бекітілді, онда жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген. Сондай-ақ, онкологиялық ...

Читать далее »

6 АЙДА ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 139 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПҚАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары, 300-ге жуық аудан тұрғыны қатысты. «Ашық диалог» форматында өткен кездесу барысында қала әкімі тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітілетінін түсіндіріп өтті. 1 — ші ...

Читать далее »

«Марика» атты иттің көмегімен шекарадан «марихуана» есірткісін алып өтпек болған Өзбекстан елінің  азаматы ұсталды

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жібек жолы» шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, өзбекстандық тұрғын өзінің басқаруындағы «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігімен  шекарадан өтіп бара жатқан  уақытта  «Марика» атты иттің  белгі беруі арқылы анықталды. Оқиға бойынша тәртіп сақшылары ...

Читать далее »

Түркістандық полицейлермен жол белгілері жаңартылуда

Түркістан қаласы — облыс орталығы болғалы бері, киелі өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары қойылып, жол белгілері жаңалануда, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай жаңа таңбалар қойылуда. Түркістан қаласы полиция басқармасының қызметкерлері, облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен және мүдделі ...

Читать далее »

Мас халде көлік айдаған жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Тәртіп сақшыларына елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда үлкен міндеттер жүктеледі. Олардың барлық жұмысы еліміздегі тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күреске, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталады. Азаматтардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіліп, халықтың тыныштығы сақталуы үшін олар күндіз-түні жүйелі жұмыс жүргізеді. Мәселен Түркістан облысына қарасты Мақтаарал  ауданының полицейлері түнгі қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік шара жүргізді, деп хабарлайды ...

Читать далее »

«Жол қауіпсіздігі» тақырыбында тікелей эфир ұйымдастырылды

«Жолдағы қауіпсіздік басты орында!» бүгін осы тақырыпта Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен тікелей эфирде сүбелі сұқбат жүргізілді. Іс-шара тізгінін Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова алды. Спикер ретінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бегімхан Ахметов пен Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Данабек ...

Читать далее »

АРЫСТА ҚАРАУСЫЗ МАЛ ИЕЛЕРІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Арыста қоғамдық орындарда ірі қара малдың бей-берекет жайылып жүргені тұрғындардың наразылығын тудырды. Қараусыз мал қаланың көгалдандыру жұмыстарына залалын тигізетіні даусыз. Қалалық әкімдік мамандары жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп қараусыз мал иелерін сырғасы арқылы анықтады. Қаламызда егілген гүлзарлар мен жасыл желекті бүлдірген мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Жалпы қараусыз малдың бей-берекет жайылып жүруі қала тұрғындары үшін де қауіпті. Қаламыздың жасыл ...

Читать далее »

ПОДДЕРЖАНИЕ ЧИСТОТЫ-ОБЩАЯ ЗАДАЧА!

Сохранить чистоту родного города-общая задача всех жителей. В настоящее время среди жителей города не уменьшается количество случаев сброса мусорных отходов в запрещенные места. В связи с этим, управлением полиции города Туркестан совместно с сотрудниками акимата города проведена совместная работа по не загрязнению мест общего пользования, парков, аллей, вывозу коммунальных отходов в неустановленные места, сбросу табачных отходов и другим мелким правонарушения, ...

Читать далее »