Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Август (страница 2)

Месячные архивы: Август 2022

Шымкент: №65 мектептің қосымша құрылысы 2023 жылы аяқталады

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы №65 мектептің 600 орындық ғимаратының құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында аяқталады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Жалпы Еңбекші ауданында ауданда 43 мектеп орналасқан, оның ішінде 37-і мемлекеттік 6-ы жекеменшік мектептер. №38 мектепке қосымша 375 орындық, №46 мектепке 300 орындық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға беріледі. «Ұлағат» шағынауданынан 1200 орындық мектеп салу үшін ...

Читать далее »

Биыл Абай ауданында 5 үйдің ауласы абаттандырылады

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында 5 үйдің ауласы абаттандырылады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Сонымен қоса, 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 миллион теңге. Ал, 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Абай аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері ауданда жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. Ал, өткен жылы 7 ...

Читать далее »

КӨШЕ БОЙЫНА АРНАЙЫ ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында көше бойына арнайы қоқыс жәшіктері орнатылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Күнделікті тұрмыста пайда болатын қоқыс адам денсаулығына үлкен зиян келтіретіні белгілі. Сондықтан қоршаған ортаға залал келтірмеу үшін әр тұрғынның қоқысты арнайы қойылған жәшіктерге салғаны дұрыс. Осыған байланысты қала басшысы қала көшелерінде арнайы қоқыс тастайтын жәшіктер орнату туралы тапсырма берген болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес, Еңбекші ауданы аймағындағы Тәуке ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫ ҚЫСҚАРУДА

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуы туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы брифинг өткізді. — Жыл соңына дейін 12990 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендеді. Жалпы басқармаға қарасты 223 мектеп, 577 балабақша, 37 колледжді қосқанда, 861 білім беру ұйымдарында 390 мыңға жуық тәрбиеленушілермен жаңа ...

Читать далее »

Еңбекші ауданында 30-дан астам мекенжайға ирригациялық арық орнатылады

2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын ...

Читать далее »

Балалардың амандығы-басты орында!

Өздеріңізге белгілі жаңа оқу жылы қарсаңында республика көлемінде «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы өткізілуде. Ондағы мақсат: тұрғындардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру болып табылады. Әрбір оқушының жолда жүргенде ережеге бағынып, өзін дұрыс ұстауға тәрбиелеу. Осы бағытта Түркістан облысы ПД қызметкерлері де жүргізушілерге, ата-ана, ұстаз, балаларға көшелерде, жол тораптарында абай болу керектігін айтып, жол қозғалысы ...

Читать далее »

Білім беру қызметкерлерінің панельдік секциясы өтті

Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-қызметкерлерінің қатысуымен Жол-көлік колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру – еңбек нарығының жаңа серпіні мен мүмкіндіктері» Панельдік секциясы өтті. Мақсаты — Мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрлар даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және ...

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР АТАУЛЫ КҮНДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Шымкент қаласында Семей полигонының жабылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Атаулы күнді еске алуға арналған іс-шараға Семей полигонынан бөлек Ауған, Таулы Қарабақ, тәжік-ауған қарулы қақтығыстарына және Чернобль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер, жергілікті әскери оқу орындарының өкілдері қатысты. – Семей ядролық полигонында болған жарылыстар қаншама ұрпаққа зардабын тигізді. Ұлт тағдырына, ел тағдырына бей-жай қарай алмайтын жандардың күшімен сынақ ...

Читать далее »

Полицейлер қаруға қатысты 31 істі сотқа жолдады

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері криминогендік ахуалды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерінің заңсыз айналымына қарсы бірқатар профилактикалық іс-шара өткізіліп келеді. Мәселен жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері ҚР ҚК-нің 287-бабымен, яғни «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» дерегі бойынша 51 деректі тіркеп, қылмыстық іс қозғаған. ...

Читать далее »

«Абайлаңыз балалар» жедел профилактикалық шарасы ОТЫРАР ауданында жалғасын тапты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы орайда Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 12 қыркүйек күндері аралығында «Абайлаңыз балалар» атты кең ауқымды республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған шараның мақсаты — балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып ...

Читать далее »