Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2023 (страница 140)

Годовые архивы: 2023

ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

Шымкент жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараның мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат мен Шымкент қаласы ішкі саясат ...

Читать далее »

Шымкентте жас сарбаздар әскерге аттанды

Шымкенттен алғашқы шақырылушылар әскерге аттанды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Шымкентте еліміздің барлық аймақтарымен қатарлас көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Үшінші мегаполистің бірінші тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанды. Әскери қызмет – абыройлы міндет. Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің қатарын мыңдаған  қостанайлық жас сарбаз толықтырады. Мерзімді қызмет орындарына медициналық комиссиядан, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 600-ге жуық азаматтың тұрғын үй жалдау ақысы субсидияланады

Қарапайым халықтың әл-ауқатын көтерудегі негізгі басым­дықтардың бірі – баспанамен қамту. Әсіресе, ең аз қамтамасыз етілген азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізуіне қолғабыс етуде мемлекет қамқорлығы сезіледі. Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жал­дамалы тұрғын үйді субсидиялау жөніндегі бастамасын тездетіп жүзеге асыруды тапсырғаны белгілі. Бүгінде Шымкент қаласында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ...

Читать далее »

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЕЛДІ ДЕМОКРАТИЯЛАНУҒА БАСТАЙДЫ

Санаулы күндерден соң елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір сайлаушы ел тағдырына жауапты екенін сезіне отырып, сайлауға белсенді түрде қатысуы тиіс. Қазақстан бұл жолғы сайлауға ерекше дайындықпен келді. Бұл сайлауды елімізде соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалардың іс жүзінде қолданысқа енгізілетін тұсы деп айтуға болады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: Алимент өндіру ісімен айналысатын арнайы кеңсе ашылды

Шымкент қаласында алименттік өндірістер санатындағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыларынан құралған арнайы кеңсе ашылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Исабекова Айнур брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің сөзінше, өткен жылы алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 493 іс орындауда болып, 2 717-сі бойынша өндірістер аяқталған. Биылғы жылға 12 776 құжат өткен. Осы ...

Читать далее »

ФИЛИАЛ ТАРАПЫНАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ЖЫЛ БОЙЫ ҰДАЙЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласында түрлі реформалар жүргізілгеніне  қарамастан, әлі де күрделі мәселелердің бар екенін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. Соның ішінде көпшілік сынына жиі   ұшырайтын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне, оның тиімді жүзеге асырылмай отырғанына тоқталды. Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінде жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізе алмай қалу қаупі бар. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: Өткен жылы 30 мыңға жуық адам МӘМС жүйесімен сақтандырылған

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында «Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын», деп атап өткен болатын. Бүгінде Шымкент қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 905 адам МӘМС жүйесімен сақтандырылған, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының ...

Читать далее »

Шымкентте 600-ге жуық науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жариялаған «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды міндеттерді айқындап берді. Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар қатарында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аударды. Осы орайда, Шымкент қаласындағы Жүрек орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салысытрғанда ...

Читать далее »

ЖОЛДАУ: ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАРДА 22 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Жаңа кәсіпорындар өңір экономикасына жаңа серпін беруі тиіс. Президент өз Жолдауында осы мәселеге басымдық бергені белгілі. Осыдан бес жыл бұрын, яғни, 2018 жылы Шымкент халқының саны 1 млн адамға жеткен кезде, қалалық мәслихат пен белсенділер оған республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру керек деген ұсыныс айтқан еді. Көп ұзамай, Қазақстанда үшінші мегаполис, яғни, Шымкент қаласы облыстан бөлініп, республикалық қала мәртебесіне ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ КЕЗ КЕЛГЕН ОҢАЙ АҚША ТАБУ ЖАРНАМАЛАРЫНА АЛДАНБАУДЫ, ТҮСІНІКСІЗ ЖАҒДАЙДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА ХАБАРЛАСУ КЕРЕКТІГІН ЕСКЕРТЕДІ

Шымкент қаласының прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып халықты алдап жүргендігі анықталды. Егер өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр. Барлық істер ашылды, биылғы жылы 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты ...

Читать далее »