Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Май (страница 26)

Месячные архивы: Май 2024

ХХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Азия ойындары – Гонконгте өткен батутта секіруден жасөсіпірімдер арасында Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы сен тұр, мен атайын деген елдердің спортшыларымен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді. Турнирге қатысушылар: Қытай, Жапония, Өзбекстан және 10 мемлекеттен өздерінің кіл мықты спортшылары қатысты. Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп ...

Читать далее »

ОТАН МЕН ОТБАСЫ ТЫНЫШТЫҒЫ БЕРІК ҚОЛДА

Қашанда дана халқымыз елін, жерін қорғаған батырлардың іс-әрекетін ұлықтап, қастерлеген, сол үшін де «Отан қорғаушы» сөзінің мағынасы қасиетті ұғымға ие. Олар әрқашан батылдықтың, ерліктің, адалдықтың бейнесі бола білді. Осы бір қасиетті істі кәсіпке айналдырып, бүкіл өмірін елдің амандығы мен тыныштығын күзетуге арнаған офицерлер қандай құрметке болса да лайық екені сөзсіз. 6698 әскери бөліміндегі сыры мен сыйластығы бөлек офицерлер қатарында 3 ...

Читать далее »

ОҢТҮСТІК ҰЛАНДЫҚТАР ШЫМКЕНТТЕ АТЫС ШЕБЕРЛІГІН КӨРСЕТТІ

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығының базасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік қарудан ату бойынша жеке-командалық біріншілігі өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы подполковник Салауат Төреғалиевтің басшылығымен өткен жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Талдықорған қалаларынан Ұлттық ұланның 50-ден астам әскери қызметшісі қатысты. Сондай-ақ, сайыста атыс қаруын ату дағдыларын әйел әскери қызметшілер де ...

Читать далее »

Құырлтайда қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ел болып күресу керектігін айтты

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген өсиет сөзі қай заманда да мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақыратын тәрбиелік сөз жағымсыз қылық, жат әдеттен сақтандырады десек те, әр заманның өзіне тән кеселді қарекеттері болады. Күні кеше өткен үшінші ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев бүгінгі қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ...

Читать далее »

«УЫЛДЫРЫҚ» ІС-ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Уылдырық шашатын маусымдағы браконьерліктің жолын кесу мақсатында, Созақ ауданында 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалык іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Іс-шара басталғалы аудан көлемінде өзендердің бойында заңсыз балық ...

Читать далее »

ОТЫРАРДА ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Отырарлық полиция қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, Ескі Шілік ауылдық округінің С.Құртайов мектебінде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында қыздар арасында кездесу жиынын өткізді. Шараға «Жастар ресурстық орталығы»КММ-ның психологы Л.Сейталиева, орталық аурухана психологы А.Жасекова, Отырар АПБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы З.Надирова және мектеп ұжымы қатысты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Аталмыш жиында зорлық-зомбылық пен деструктивті ...

Читать далее »

Полицейлер мектеп оқушыларымен қауіпсіздік шаралары туралы кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі білім ұйымдарында «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру» мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдармен «қауіпсіздік сабақтары» өткізу ұсынылды. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы» инспекторлары бірлесіп, облыс орталығындағы бірқатар мектептерде іс-шара ұйымдастырды. Атап айтсақ, Ш.Ниязов, Ө.Жәнібеков атындағы мектептердің 8-11 сынып оқушыларына «Оқушыларының қауіпсіздік шаралары» тақырыбында жиналыс өтті, деп жазады Түркістан ...

Читать далее »

«ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлының нұсқауына сәйкес, Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде ағымдағы жылдың 15 мамырымен 17 мамыр күндері аралығында «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, түнгі уақыттарда ата-ананың бақылауынсыз үй-жайынан ...

Читать далее »

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЗ ҚАУІПСІЗДІКТЕРІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРІЛДІ

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің біріне айналған, жастар арасындағы деструктивті діни ағым идеяларының таралуына жол бермеу бағытында, дін саласындағы ақпараттарды түсіндіру, әрі жасөспірімдерге қатысты немесе олардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Созақ ауданында ауқымды іс-шаралар өткізілуде, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Соның бірі Шолаққорған ауылындағы Т.Әлімқұлов атындағы интернат-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен ...

Читать далее »

Алаяқтардан сақтандыру үшін жадынама таратылуда

Полиция 1 айда алаяқтардан сақтандыру үшін 10 000 дана жадынама таратып, 3000 дана жапсырмалы ескерту парақтарын ілді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, адамдар көп шоғырланатын орындарда жадынамалар таратуда. Атап айтқанда тәртіп сақшылары облыс орталығындағы «Қуаныш» базарында және автовокзалдарда болып, профилактикалық жұмыстар ...

Читать далее »