Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2024 » Май (страница 51)

Месячные архивы: Май 2024

САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫ 101-ГЕ КЕЛГЕН ҰОС АРДАГЕРІНІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай ауданның белсенді жастары Сарыағаш қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақалдың үйіне барып, ауланы қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Аудан ы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тазалық жұмыстарына жастармен бірге аудандық «Amanat» партиясының төрағасы Қ.Қыстаубаев белсене атсалысты.Ардагер жастарға соғыс кезінен әңгімелер айтып, өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын ...

Читать далее »

ҚАЙЫРЛЫ КҮН ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны айрықша. Өйткені Тәуелсіз еліміз үшін ел бірлігі, достық пен бауырмалдық баға жетпес байлығымыз саналады. Түрлі ұлттар мен ұлыстарға құтты мекен болған Арыс қаласы — бірлік пен ынтымақтың арқасында жыл сайын ажарланып, көркее түсуде. Мұның ...

Читать далее »

“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”: ОТЫРАРДА ТҰРҒЫНДАР “АРДАГЕРЛЕР” САЯБАҒЫНЫҢ АУЛАСЫН ТАЗАРТТЫ

Отырарда аудан тұрғындары “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында “Ардагерлер” саябағының ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара барысында жол бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, арамшөптер шабылды. Сондай-ақ талдардың түптері әктеліп, суғарылды. Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа “Ардагерлер” саябағы атауы берілген болатын. Онда бұған дейін бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп- ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қадірлі жерлестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ тарихында орны бар тұлғалардың бірі – Майқы бидің «Бірлік түбі – береке» деген қанатты сөзі бар. Сондықтан әр күн татулықпен, бірлікпен өрнектелсе, мемлекет дамиды. Бұл күні Қазақстан халқының ынтымағы мен татулығы, бірлігі мен достығы, ауызбіршілігі мен сыйластығы дәріптеледі. Қазіргі таңда қазақ халқының маңайына топтасқан түрлі ...

Читать далее »

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: “СЫН САҒАТТА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МЫЗҒЫМАС БІРЛІГІ АЙҚЫН КӨРІНДІ”

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 мамыр мерекесі қарсаңында Достық үйінде “Береке – бірлікте” тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған жиынға мәслихат төрағасы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, кәсіпкерлер палатасының директоры және бірқатар кәсіпкерлер мен ...

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ТАЛДАДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атқарылған жұмыстарды талдап, бөлім басшысы Эльмира Бейсенованың есебін тыңдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, бөлім тарапынан учаскелік комиссияның жұмысына, АӘК тағайындаудың шынайылығына мониторинг жүргізілді. Құжаттарды қайта зерделеу барысында 8 отбасына АӘК заңсыз тағайындалғаны анықталып, қаржыны қайтару бойынша хабарлама жолданған. ...

Читать далее »

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізіледі! – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан облысы бойынша департаменті мен Агенттіктің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, «Денсаулық сақтау-медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алу, емханаға тіркелу» және т.б.» тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз. Іс-шара ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАСТАР ҚАРТ АНАҒА ҮЙ ШАРУАСЫНДА КӨМЕКТЕСТІ

Елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында Қазығұрт ауданы жастары белсенділік танытып, ардагерлер мен қарттардың үйіне барып тазалық жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осындай игілікті шараның бірі бүгін Алтынтөбе ауыл округінде өтті. Алтынтөбелік ерікті жастар ауыл тұрғыны, қарт ана Утенова Ұлжалғастың үйіне барып, ауласын тазалау, шөбін ору, үй қоршауларын ...

Читать далее »

ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында әлеуметтік сала мамандары Зертас ауылдық округіндегі жалғызілікті қарттардың жеке үй жайларын күл-қоқыстан тазалады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, бау-бақшасын арам-шөптерден тазартып, ағаштарды әктеп, жеміс ағашының көшеттерін екті. Қураған ағаштарды кесіп, оны арнайы орынға жинады. Тұрғын үйдің сыртын әктеп, қоршауларын сырлап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. ...

Читать далее »

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “БИЫЛ ҚАРАСПАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕР ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге бойынша жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды. Aудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Алдыңғы кездесуде ...

Читать далее »