Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан (страница 49)

Түркістан

ПОЛИЦЕЙЛЕР ШЫМКЕНТТІК ЖОЛАУШЫДАН 5 ҚАП МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, аса ірі мөлшердегі есірткіні заңсыз тасымалдау фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» трассасының 601 шақырымында «Форд Фокус» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ішінде есірткіге ...

Читать далее »

САУРАН АУДАНЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ  ЖӨНІНДЕ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін Сауран ауданында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаулың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Семинарға Европалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Фолькер Фробарт, «Winrock International» ұйымының «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жөніндегі жобаның жетекшісі Элеонор Джудит Валентайн, Қазақстан ...

Читать далее »

Полицейлердің жазғы киім нысанына көшу мен қызметке дайындығы тексерілді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, қызметкерлердің мезгілге сай нысанды киім-кешегінің болуын, қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын жеке өзі тексеріп шықты, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Полицейлердің жазғы нысандағы киім үлгісіне өтуін, сыртқы келбетін тексерген генерал, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен заңға сәйкес берілген міндеттерді орындауы қадағалауда екенін жеткізді. ...

Читать далее »

ЕЛ ҚОРҒАУ – ЕРДІҢ ІСІ: АРЫСТА ЖАС САРБАЗДАРДЫҢ ТАҒЫ БІР ЛЕГІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Арыста қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздардың кезекті легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Отан қорғаушылар құрметіне орайластырылған салтанатты рәсім Жастар Ресурстық орталығы ғимараты алдында өтті. Салтанатты шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ерлан Біләлов, қалалық ардагерлер ұйымының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ — ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шымкентке арнайы іссапармен келіп, қала әкімін тағайындау жиналысына қатысқан ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мегаполистің жаңа әкімі Ғабит Сыздықбековке бірқатар міндеттер жүктеді. Үкімет басшысы қаладағы өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту ісінің нәтижелерін оң бағалап, Шымкенттің қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы болуы тиіс екенін ескертті. Айта кетейік, Шымкент қаласында 2023 жылғы қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 574 млрд. теңгені ...

Читать далее »

Алихан Смаилов поставил задачи перед новым акимом Шымкента

По поручению Главы государства Премьер-Министр РК Алихан Смаилов принял участие в собрании депутатов маслихата города, но котором был представлен новый аким Шымкента Габит Сыздыкбеков. На состоявшейся после этого встрече с активом Шымкента, Алихан Смаилов отметил, что прошло уже более 5 лет с тех пор, как он получил статус города республиканского значения. «Сегодня город является одним из ведущих промышленных и экономических ...

Читать далее »

ҒАБИТ ӘБДІМАЖИТҰЛЫ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысып, қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатураларын таныстырды. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқыды. Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Р. Мыңбаевқа дауыс беріп, 19 депутат Ғ. Сыздықбековтің кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты. Ғабит Сыздықбеков ...

Читать далее »

БЕС ЖЫЛДА ЖЕТІ ЖҮЗДЕН АСА АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа, 2021 жылы 416 отбасыға қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. 2022 жылы 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген. Атап айтсақ, Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі ...

Читать далее »

ШЫМКЕТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 19 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі кездеседі. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында 2023 жылы барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған. Қазіргі уақытта аталған жұмыстар бойынша 19 көшеге құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтар болсақ, Қазығұрт елді ...

Читать далее »

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында адам құқықтарын қорғау мәселелері мен азаптауға және басқа да келеңсіздіктерге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Басқосуға қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, сондай-ақ прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қатысты. Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде адам құқықтарын қорғаудағы нәтижелі жұмыстар талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері қарастырылды. М.Дүйсенбекұлы ...

Читать далее »