Кеше киелі Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында Наурыз мерекесі тойланған болатын. Ал бүгін сол мерекенің жалғасындай болып Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті. Миллионға жуық халқы бар шаһарда өткен мерекеге жиналған жұрттың санында есеп жоқ. Керемет көңіл күй мен басталған шараның шымылдығы ат спортымен өткен жарыспен түрілді. Мұнан соң «Шашу» хореографиялық композициясы орындалып, 60 домбырашы ...
Читать далее »Түркістан
Ғылыми түйін…
Бүгін түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан шаһарында «Түркістан және Түркология» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Түркологияның өзекті мәселелері ғылыми талқыға түскен алқалы жиынға алыс-жақын шетелдер мен қазақстандық 100-ден аса ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты. Отырысқа модераторлық еткен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі ғылыми басқосу тілі, ділі, діні, тегі бір түркі халықтарының мәдени ықпалдастығы мен өркениет ...
Читать далее »Түркістандағы торқалы той!
Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы тойлануда. Думанды Наурыз той мерекесіне орай, Қожа Ахмет Ясауи кесене маңында этно ауыл құрылып, онда ұлттық нақыштағы киіз үй әбзелдерімен әрленген 12 қанатты 33 киіз үй тігілді. Дастарханға ұлттық тағамдарымыз – қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, наурыз көже, құрт, ірімшік, сірне, қаймақ, бауырсақ, ши бауырсақ, жент ...
Читать далее »Шипажайлар мекені, халің қалай?
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен, аймақ басшысы Сарыағаш қаласындағы 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, пәтер кілттерін тапсырды. Сондай-ақ шара барысында облыс басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Денисенконың үйіне кіріп, қуанышымен бөлісті. «Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз, құрметтейміз. Сіздер ...
Читать далее »Ардагер ме, абыз ба, ақсақал ма?
Кейде жақсы бір бастаманы салқын сөзбен су сепкендей етіп жіберу әбден мүмкін. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары облыс орталығында тұратын зиялы қауым өкілдерімен кездеспек ниетте, қала әкімдігінде алқалы жиын өткізіп, оған бірқатар «ардагерді» шақырды. Ащы болса да, шындықтың бет-пердесін ашуға тура келіп отырғаны – жиі-жиі өткізіліп тұратын осы тектес үлкенді-кішілі шараларға шақырылушылар тізімі өзгеріссіз қатып қалған күйі сақталатыны неліктен?!. Қайран қаласың!.. ...
Читать далее »Цойға – ескерткіш! Қонаев пен Асқаровқа – жоқ!..
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров маңызды шешім қабылдады. Ол Қарағандының орталығында әйгілі әнші Виктор Цойға ескерткіш орнатуды қолдайтынын білдірді. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та қарағандылық әріптестерінен қалыспай, қала аумағынан бірнеше жылдан бері орын таппай жүрген Дінмұхамед Қонаев пен Асанбай Асқаровтың ескерткішін орнатуға жылы қабақ танытса, нұр үстіне нұр болар еді… Виктор Цойға ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары