Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2021 » Март (страница 9)

Месячные архивы: Март 2021

БІТІМГЕР – БІТІСТІРЕДІ

Қазақстан әлемдік қауымдастық әріптестігіне теңескен бүгінгі сот төрелігінің қолжетімділігі мен әділдігін жедел дамыту мәселесі ерекше маңызға ие. Бұл мәселе тек құқықтық ұсынымдар мазмұнының талаптарына ғана емес, ол жалпы қоғамның құқықтық деңгейіне және әрбір азаматқа қойылатын талап болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев сот саласының қазіргі заман талабына сай дамуына ерекше назар аударып, нәтижесінде сот жүйесінде түрлі дауларды бейбіт тәртіппен шешу тәжірибесі қалыптасып, ...

Читать далее »

БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ТІЛ

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»,- деп атап көрсетілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту ...

Читать далее »

Cотқа дейін татуластырудың ерекшеліктері

18 млн. қазақстандықтан сотқа жылына 1 млн. 300 мыңға жуық арыз түседі. Яғни әрбір 4-ші азамат бір-бірімен соттасып жүр. Әрбір 3-ші отбасының шаңырағы шайқалып, некелері бұзылуда, бұл да өз кезегінде ондаған мың баланың жетім қалуына әкеп соқтырады. Алайда судьялардың сөзінше, соңғы жылдары араздасқан тараптарды татуластыру мақсаты қолға алынып, бітімгерлік судья деген жаңа лауазымды заңгерлер пайда болған. Бүгінгі күні елімізде дауларды ...

Читать далее »

Әскери қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас ...

Читать далее »

Мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдік

Қоғамның барлық саласында ерлер мен әйел адамдардың теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет – гендерлік саясаттың стратегиясы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қалыптаса бастады. 1998 жылы ел Президенті жанынан Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылып, 2006 жылы он жылға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Бұл құжатта қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру міндеттелген болатын. ...

Читать далее »

Дауды медиация тәртібімен реттеу

Ел болған соң дау-дамайсыз болмайтыны анық. Бірақ сол жан-жалды ушықтырмай дер кезінде шешуге қол жеткізу жолдарын дамыту, бүгінгі күнде қай жиынның болса да басты тақырыбына айналып отыр. Сондықтан, еліміз бабалар өнегесін жаңғыртып, кез келген дауды келісіммен шешу жолдарына ерекше көңіл бөлуде. Ол мақсатта бірқатар заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. 2011 жылғы 28 қаңтарда «Медиация» туралы заң қабылданып, сотқа дейін немесе ...

Читать далее »

НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121 – VI Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «жалпыға бірдей декларациялау» Салық кодексінің 71 — тарауы қолданысқа енгізілді. Енгізу туралы Заңның 45–1–бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең — кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезеңде – 2021 ...

Читать далее »

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК КЕЗІНДЕ 5 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкентте жыл сайын көктем мезгілі келгенде әдеттегідей айналаның тазалығы, арық көздерін ашу, ағаш отырғызу, ағаштарды бұтап, түбін әктеу үрдіске айналған. Осы орайда, бүгін Еңбекші ауданында жаппай сенбілік өтті. Тазалық шарасына жалпы 8 мыңға жуық аудан тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері шықты. Олармен көпқабатты үй ауласы мен ішкі орам көше бойларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ көпқабатты үй ауласы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев COVID-19 жағдайына орай карантиндік іс-шараларды ұзарту туралы қаулы қабылдады. «Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу іс-шаралары ұзартылсын», — делінген құжатта. Аталған қаулыға сәйкес, 29 наурыз бен 12 сәуір аралығында қалада ас беру шараларын (толтырылуы 30 пайыздан артық емес, ...

Читать далее »