Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 (страница 241)

Годовые архивы: 2022

ЖЫЛЫНА 200 МЫҢ ТОННА ҰН ӨНДІРЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры мен қалыпты бөлке нан бағасы тұрақты және тапшылық жоқ. Бүгінде қала аумағында 30 мың тоннаға жуық әлеуметтік азық-түлік тауарлардың қоры бар. Оның ішінде 5 айға жететін бірінші сұрыпты ұн қоры бар.Мегаполисте астықты қайта өңдейтін 10 ұн өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Олармен жылына 200 мың тонна ұн өндіріледі. Аталған диірмендерде екі айға жететін шикізат ...

Читать далее »

10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында өткен жылы құрылған «Жұлдыз» индустриялық аймағында 608 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған индустриялды аймақта жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуникациялық желілер мен кәсіпорын құрылысын аралап көріп, инвесторлардың ұсыныстарын тыңдады.Қала басшысы ел Президентінің экономиканы әртараптандыру және импорт алмастыру жөніндегі ...

Читать далее »

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов макарон өнімін шығаратын «Барыс-2007» ЖШС-нің өндіріс орнына барды.Макарон өнімдері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енуіне байланысты, тұрақтандыру қорының (стабфонд) айналым қаражаты есебінен аталған өнімнің бағасын тұрақтандыру шаралары жүзеге асырылуда. Бұл өнімдерді «Грамад» және «Магнум» ірі сауда желілерінен белгіленген бағада сатып алу мүмкіндігі ...

Читать далее »

ЗАЛАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген шығын көлемі бүгінгі күнге 7,5 млрд. теңгені құрап отыр. Оның ішінде 7,2 млрд. теңгеден астамы мемлекетке, қалғаны жеке кәсіпкерлерге келтірілген шығын. Бұл туралы қала әкімінің өкімімен құрылған төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты келтірілген залалды бағалау және қалпына келтіру комиссиясы мәлім етті. Қазіргі таңда зардап шеккен әкімшілік нысандар бойынша ақау актілері түзіліп, келтірілген залалдарды қалпына келтіру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР ТАЗАЛАНУДА

Бұл жаңбырдан кейінгі су басу қауіпінің алдын алады. Әл-Фараби ауданы аумағында басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер қоқыстан тазартылуда. Аталған жұмыстар «ЛТД Тұрмыс» мекемесі тарапынан жүргізіліп, оған 9 арнайы техника мен 83 адам жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады. Су басудың алдын алу үшін қала тұрғындарын үй жанындағы ирригациялық арықтарды ...

Читать далее »

МОНИТОРИНГТІК ТОП АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН ТЕКСЕРДІ

Ауыл шаруашылығы басқармасы мен табиғи монополияларды реттеу, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің мамандары қаладағы бірнеше сауда нысандары мен жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығын бақылап көрді. Көкөніс пен жеміс-жидекті көтерме бағамен саудалайтын «Барыс» базарында баға тұрақты. Мәселен, картоп 140-200 теңге, пияз 70 теңге, сәбіз 150-170 теіге аралығында сатылуда. Саудагерлер тауарға 10-15 пайыз үстемеден артық қоспайтынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ...

Читать далее »

ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Қарабастау тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аудан әкіміне негізінен абаттандыру, инфақұрылым жүйелерімен қамту бойынша өз шағымдарын айтты. Қазіргі таңда жаңақұрылыс аумағына ауыз су құбырын тарту үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ендігі кезекте құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі.Сонымен қатар, аталған тұрғын алапта балаларға заманауи ойын ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУШЫЛАР САНЫ АРТЫП ОТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді.Станцияның жұмысымен таныстырған бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар.Қала әкімі ең алдымен медицина ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ГОСПИТАЛІНЕ БАРДЫ

Бүгінде Шымкент қаласындағы эпидахуалдың күрделі екені белгілі. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Ақжайық» шағынауданында орналасқан жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысы мен қызмет сапасын арнайы барып, тексеріп шықты. Инфекциялық орталықтың бас дәрігері Ережепов Бақтығалы түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы ...

Читать далее »

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сауда-логистикалық орталығында орналасқан «Химфарм» АҚ-ның дәрілік қоймасы мен «НПО Зерде» ЖШС-нің жаңадан ашылған екінші дәріхана қоймасында болып, ондағы дәрі-дәрмектердің қажетті қорын бақылап шықты. Шаһар басшысы пандемияның өткен толқындар кезіндегі тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды ...

Читать далее »