Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 (страница 37)

Годовые архивы: 2025

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАРЛАР БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласында азық-түлік тауарларының бағасының өсуінің алдын алу мақсатында қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Игі шараға ірі сауда желілері, жергілікті тауар өндірушілер, қала базарлары, дистрибьюторлар мен көтерме сауда өкілдері қатысып, бағаны тұрақтандыру бағытында бірлескен міндеттемелерді қабылдады. Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов меморандумның маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта күнделікті жүргізілетін мониторинг нәтижесінде инфляция деңгейін төмендетуге мүмкіндік бар ...

Читать далее »

ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ПАЛУАНДАРДЫ КҮТІП АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Жапонияның Токио қаласында өткен XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында Шымкент қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына екі жүлде салды. Еркін күрестен Шадияр Пернеш алтын, Сабыржан Рсалы қола жүлдеге ие болған еді. Тарихи жеңіске жеткен спортшыларды бүгін Шымкент халықаралық әуежайынан күтіп алу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат ...

Читать далее »

АӘК ТАҒАЙЫНДАУ ТЕТІГІ ЖӨНІНДЕГІ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады. Атаулы әлеуметтік көмек бойынша жүргізілген жұмыстар аясында Мансап орталығы мен жергілікті органдардың міндеттері нақты бекітілген. Қолданыстағы қағидаға сәйкес, орталық өтініш білдірушімен жеке жоспар әзірлеп, әлеуметтік келісімшарт жасайды. Бұл келісімшарт бойынша мамандар азаматтарға кеңес беру, қажетті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 105 ТҰРҒЫН ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Шымкент қаласында 2025 жылдың 18 қарашасында қала әкімінің тапсырмасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Көрме» орталығында ұйымдастырылып, нәтижесінде 105 адам жұмысқа жолдама алды. Жәрмеңкеге жалпы саны 700-ден астам адам қатысты. Бұл іс-шараның басты ерекшелігі – әлеуметтік осал топтардың өкілдерін жұмыспен қамтуға басымдық беруі. Жәрмеңкеге пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар, ...

Читать далее »

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САЛТАНАТ САРАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары Сайрам тұрғын алабындағы М.Жалил көшесінде орналасқан «Shinar» салтанат сарайына жүргізген тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Бастапқыда нысан 1 қабатты шайхана ретінде пайдалануға қабылданғанымен, меншік иесі оны рұқсатсыз қайта құрылыс жасап, 2 қабатты салтанат сарайына айналдырып келген. Тексеру нәтижесі бойынша нысанның ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң талаптарын сақтамай реконструкцияланғаны ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 341 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛЫНДЫ

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қала инфрақұрылымын дамыту мақсатында 341 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына және қала әкімдігінің тиісті қаулыларына сәйкес жүргізіліп отыр. Аталмыш учаскелердің 298-інің иелеріне ақшалай өтемақы төленсе, 43 жер учаскесінің иесіне тең бағалы жер телімдері ұсынылды. Қазіргі уақытта мегаполис үшін маңызды көлік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын жүзеге асыруға ...

Читать далее »

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА БІРҚАТАР МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Желтоқсан айында Шымкент қаласында тұрғындар мен қонақтар үшін мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады. 6 желтоқсан сағат 11:00-де Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында оқушылар арасындағы «Мен елімді жырлаймын» республикалық айтысы өтеді. Айтысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген жас ақындар қатысып, өз өнерін көпшілікке ұсынады. 9–10 желтоқсан күндері «Қызғалдақ» сарайында «Шымкент сазы» республикалық эстрадалық ән байқауы ұйымдастырылмақ. Байқауда елдің түкпір-түкпірінен іріктелген жас орындаушылар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ШАТҚАЛДАР МЕН ТАБИҒИ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты екі шатқал қызмет көрсетеді. Қала әкімдігі бұл жасыл аймақтарды сақтап қалуға және оларды тұрғындар үшін қолайлы демалыс орындарына айналдыруға басымдық беруде. «Шымсая» шатқалы – Қаратау ауданында орналасқан және аумағы 8 гектарды құрайды. Бұл шатқал қаланың жасыл белдеуін нығайтуда үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда шатқалды «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ) жүйелі түрде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КАРТОП БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНДЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласына картоп негізінен Павлодар және Қарағанды облыстарынан жеткізіледі, сондықтан оның бағасы тікелей өндіруші өңірлердегі жағдайға тәуелді. Қазіргі таңда бұл аймақтардан келетін картоп бағасы біршама қымбаттап, қаладағы көкөніс базарларында бөлшек саудада 200–270 теңге аралығында сатылуда. Бағаны тұрақтандыру мақсатында қалада «айналым механизмі» іске қосылып, сауда желілерінде картоп бекітілген баға – 180 теңгеден сатылады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарымен 21 мың тонна картопқа ...

Читать далее »

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында кешкі уақытта ауада түтіннің байқалуының негізгі себептері: ауа температурасының төмендеуі, желдің болмауы, автокөліктердің көп шоғырлануы және жеке секторларда құрғақ шөп пен күзгі жапырақтарды жағу жағдайларының артуы. Қала аумағының атмосфералық ауа сапасы «Қазгидромет» мекемесіне тиесілі 7 бақылау бекеті (4 қолмен сынама, 3 автоматтандырылған) арқылы үздіксіз бақыланып келеді. Қазіргі уақытта жоғарғы және экстремалды ластану фактілері тіркелген жоқ. 2025 жылғы 23–24 ...

Читать далее »