Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 (страница 39)

Годовые архивы: 2025

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі — қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды. Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде жалпы 481 палуан бақ сынайды. Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, командалар сап түзеді. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, қалалық қазақ күресі федерациясының басшысы Асхат Мәуленов палуандарға сәттілік тілеп, алдағы жауапты жарыстарда жоғары ...

Читать далее »

Халықаралық кондитерлер додасы өтіп жатыр

Бүгін Шымкентте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында CHOCOLATINE KAZAKHSTAN-2025 халықаралық байқауы басталды. Байқау Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі базасында өтіп жатыр. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау, жұмысшы кәсіптердің мәртебесін арттыру және оларды кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Байқау Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі мен Францияның COUPE ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН «ENGLISH FOR EVERYONE» АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында жастардың білімін дамытуға, олардың тілдік қабілетін шыңдауға бағытталған маңызды жоба — «English for everyone» тегін ағылшын тілі курсы өз жұмысын ресми түрде бастады. Бұл бастама – қазіргі жастардың әлемдік білім кеңістігіне араласуына, халықаралық мүмкіндіктерге жол ашуына жасалған нақты қадамдардың бірі. Жобаның жүзеге асуына «Top Generation School» директоры әрі ментор Айгерім Шерім ұйытқы болып отыр. Ол жастарға сапалы білім ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 341 УЧАСКЕ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА АЛЫНДЫ

2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы тарапынан 341 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынды. Бұл жұмыстар қаланың Бас жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің қаулылары негізінде жүзеге асырылуда. Соның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде қаржы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер учаскесі берілді. Қазіргі таңда мегаполиске маңызды нысандардың құрылысына қарастырылған жер ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама Шымкент қаласының әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025-2028 жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында іске асырылып отыр. Жаңа консулдықтың ашылуы Франция мен Шымкент қаласы арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция жұмылдыруға, бірлескен жобаларды жүзеге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ЖАЗҒЫ СУРДЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Шымкент қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты. 65 келі салмақ дәрежесінде күрескен Шадияр Пернеш барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып жазғы Сурдлимпиадалық ойындарының чемпионы атанды. Сонымен қатар, 86 келі салмақта сынға түскен Рсалы Сабыржан да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда грек спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиаданың қола жүлдесіне ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН L-410 ҰШАҒЫН ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Шымкент халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне арналған көп мақсатты жаңа L-410 ұшағын қабылдау рәсімі өтті. Бұл әуе кемесі – министрліктің жаңартылып жатқан әуе паркіндегі үшінші ұшақ және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін айтарлықтай арттыра алады. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, қалалық ТЖ департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев, «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Алпамыс Қамалов қатысты. ...

Читать далее »

В Шымкенте встретили третий самолет L-410 для МЧС Казахстана

В международном аэропорту Шымкента состоялась торжественная церемония приемки нового многоцелевого самолёта L-410, приобретённого для Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан. Воздушное судно стало третьим в составе обновляемого парка МЧС и призвано значительно повысить оперативность реагирования на чрезвычайные ситуации. В церемонии приняли участие заместитель акима города Шымкент Берик Беркимбаев, начальник ДЧС города Шымкент Куанар Базарбаев, генеральный директор АО «Казавиаспас» Алпамыс Камалов, ...

Читать далее »

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының 5 ауданында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің кіре берісіне кәмелетке толмаған жастардың заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салу, сондай-ақ ата-ана мен кәсіпкерге салынатын айыппұл туралы ақпараттық жадынамалар ілінді. Іс-шараға Полиция департаменті, аудан әкімдіктері және Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысып, жастар қауіпсіздігі мен заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарында мамандар кәмелетке толмаған жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың ойын-сауық ...

Читать далее »

АБАЙ АУДАНЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкент қаласының Абай ауданында алдағы қысқы маусымға дайындық жұмысы жалғасуда. Бүгін аудан аумағында қар тазалайтын және көктайғақтың алдын алуда пайдаланылатын арнайы техникалардың дайындығы тексерілді. «Абай» коммуналды мемлекеттік мекемесінің базасындағы қар тазалау техникаларының дайындығы, инертті материалдардың (құм-тұз қоспасы) қоры, арнайы құрал-жабдықтар, тәулік бойғы кезекші топтардың жұмыс кестесі, жанар-жағармай қорын қамтамасыз ету сияқты мәселелер пысықталып, толық дайындық деңгейі анықталды. Қыста аудан тұрғындарының ...

Читать далее »