Шымкентте Білім күніне орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттеріне қала әкімінің білім гранттары табысталды. Салтанатты шара «Қызғалдақ сарайында» өтті.
Биыл университетке білім беру бағдарламаларының барлық деңгейі бойынша 3 020 талапкер қабылданды. Оның ішінде бакалавриатқа түскен 2 439 жастың 529-ы мемлекеттік грантқа, 91-і Шымкент қаласы әкімінің грантына ие болды.
Қала әкімінің гранты – жастардың сапалы білім алуына және болашақ мамандығын игеруіне көрсетіліп отырған нақты қолдаудың бірі.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары