«Білім күні» мерекесінде түркістандық оқушылар және педагогтар үшін жағымды жаңалықпен басталды. Мереке күні қаладағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің оқушылары пен ұстаздары жаңа мектеп ғимаратына ие болды. 540 оқушыға арналып салынған мектеп ғимаратының ашылуына қала әкімі Ә.Пазылбекұлы мен бірқатар құрметті қонақтар қатысып, ұстаздардың қуанышымен ортақтасты.
Мектептің алғашқы ғимараты 2000 жылы салынып, пайдалануға берілген. Уақыт өте оқушы санының артуына байланысты білім беру ісінде қиындық тудырған мектептің жағдайы бірнеше жылдардан бері көтеріліп келген еді. Бір қабатты мектепте білім берумен қатар қосымша шаралар ұйымдастырып өткізу де қиындық тудыратын. Ал, заманауи талаптарға сай салынған жаңа білім ордасында оқушылар оқу жылын кең, жарық әрі барлық қажетті жағдай жасалған жаңа ғимаратта бастап отыр.
Жаңа ғимаратта химия, биология және физика кабинеттері, АКТ залы, кітапхана, спорт залы және асхана қарастырылған. Асхана бір мезетте 100 оқушыға қызмет көрсете алады.
Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы оқушылар мен ұстаздарды мерекемен қатар келген мектеп ңғимаратының ашылуымен құттықтап, аталған білім мекемесінен елге қызмет ететін тұлғалар шығатындығына сенім білдірді. Сонымен қатар, ардагер-ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Рысбеков, қалалық мәслихат депутаты Ардақ Мансұровтар сөз алып, ңзгң тілектерін жеткізді.
Мектеп директоры Жақсыкүл Жүрсінбайқызына мектептің символдық кілті табысталғаннан кейін құрметті қонақтар мектептің алғашқы лентасын қиды. Сондай-ақ, мектеп ғимаратын аралап, онда білім беруге жасалған мүмкіншіліктермен танысты.
Жаңа білім ордасының іске қосылуы Түркістан қаласындағы білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Заманауи мектептердің көбеюі оқушылар санының артуына байланысты қажеттілікті өтеумен қатар, білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектептегі жаңа кабинеттер оқушылардың пәндерді терең меңгеруіне және теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасайды. Әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндерге арналған арнайы кабинеттердің болуы балалардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, тәжірибе жасау арқылы білімін бекітуіне ықпал етеді.
Кітапхананың заманауи талаптарға сай жабдықталуы оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға да оң әсер етеді. Сабаққа қажетті әдебиеттермен қатар көркем және танымдық шығармаларды оқуға мүмкіндік жасау балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін кеңейтуге және өздігінен іздену дағдысын қалыптастыруға жол ашады.
Жаңа мектептің материалдық мүмкіндіктері педагогтердің де оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына жағдай жасайды. Мұғалімдер заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сабақтарды тәжірибелік, шығармашылық және зерттеу бағытында өткізіп, әр оқушының қабілетін ашуға мүмкіндік алады.
Білім беру ортасын жаңарту оқушылардың тек оқу үлгеріміне емес, олардың жан-жақты дамуына да ықпал етеді. Спорт залында дене шынықтырумен тұрақты айналысуға, шығармашылық бағыттағы жұмыстарға қатысуға және бос уақытын пайдалы өткізуге жасалған жағдай балалардың белсенділігін арттыра түседі.
Түркістан қаласында білім сапасын арттырумен қатар, әр баланың сапалы білім алуына тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте жаңа мектептердің бой көтеруі, білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейту және оқу ортасын жетілдіру маңызды басымдықтардың бірі болып отыр.
Жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастаған оқушылар үшін бұл күн есте қаларлық ерекше сәтке айналды. Ендігі міндет – жасалған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білімге ұмтылып, кітап оқып, ізденіп, өз қабілеттерін дамыту. Өйткені заманауи мектептің басты нәтижесі – ел болашағына қызмет ететін білімді әрі белсенді ұрпақ қалыптастыру.
Жаңа мектептің ашылуы ұстаздар үшін де кәсіби ізденіске жаңа мүмкіндік береді. Заманауи оқу кабинеттері мен цифрлық құралдарды тиімді пайдалану педагогтердің сабақ беру тәсілдерін жетілдіріп, оқушылардың білімді тәжірибе арқылы меңгеруіне жағдай жасайды. Бұл ретте мұғалімдердің біліктілігін тұрақты арттыруы білім сапасын көтерудің маңызды шарты болып қала береді.
Білім ордасының жаңаруы ата-аналар мен оқушылардың да мектепке деген сенімін нығайтады. Қауіпсіз, жарық әрі қолайлы ортада тәрбиеленген жас буынның сабаққа қызығушылығы артып, өз болашағына нақты мақсат қоюына мүмкіндік молаяды.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары