Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет (страница 32)

Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 242 ВАГОН КӨМІР ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Түркістан облысына жақын күндері 17 мың тонна жуық, яғни 242 вагон көмір жеткізіледі. Бүгінде темір жол тұйықтарында жалпы 6591 тонна көмір қоры жинақталған. Оның ішінде Түркістан қаласында 3483 тонна, Арыс қаласында 1035 тонна, Сайрам ауданында 400 тонна, Сарыағаш ауданында 1173 тонна, Созақ ауданында 500 тонна көмір жиналып тұр. «Қазақстан темір жолы» АҚ ақпаратына сәйкес, соңғы мәлімет бойынша Сарыағаш ауданының тұйықтарында ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ТАНЫМАЛ ЖАЗУШЫ ЕРКІНБЕК ТҰРЫСОВТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың экспозициясы ашылды. Онда қаламгердің өмірінен сыр шертетін тарихи суреттер мен деректер, кітаптары жұртшылық назарына ұсынылған. Жиналған көпшілік алдында музей қызметкері Э.Жамашова жазушының өмірдерегі мен шығармашылығы жөнінде баяндама жасаса, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары ақындардың жазушыға арнаған өлеңдерін оқыды. Салтанатты жиында ақын Нармахан Бегалиев, жазушының жерлесі Бейсен Жарқынбаев, жазушы, «Оңтүстік ...

Читать далее »

БИЫЛДАН БАСТАП 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАРҒА 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН МИКРОКРЕДИТ БЕРІЛЕДІ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит беру қағидасын бекітті. Қағидада кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредит беру көзделген. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан ...

Читать далее »

«TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев «Turkistan» телеарнасының ұжымымен кездесті. Ашық форматта өткен бейресми жүздесуде журналистер өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, ақпараттық саланы дамыту жөнінде ой қозғады. Облыс әкімінің орынбасары журналистика саласының маңызы зор екенін айта келе жас телеарна ұжымының бастамаларын, жобаларын жоғары бағалады. – Журналистика саласының өкілі болғандықтан сіздердің жұмыстарыңызды, ой еңбегінің қиындықтарын жақсы білемін. Түркістан облысының оң имиджін ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 5200-ДЕН АСА АЗАМАТҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 5437 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген. Қазіргі таңда аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Оның ішінде, 835 азамат протез ортопедиялық құралдар, 179 тұрғын сурдо техникалық құралдармен қамтылса, тифло техникалық құралдармен 392 адам қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мүгедектігі бар 408 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 115-і ымдау тілі маманының қызметін алған. Жалпы, Түркістан ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» 3500-ГЕ ЖУЫҚ АРДАГЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Былтыр Түркістан қаласында ардагерлер мен зейнеткерлерге, сондай-ақ ерекше жағдайдағы азаматтарға қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын. Орталықта 3 бөлім, яғни «Белсенді ұзақ өмір сүру», «TEN QOGAM», «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» жұмыс істейді. Өткен жылы орталық 360 адамға 6 бағыт бойынша 3 486 қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Ленгір қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Түркістан облысының біріншілігі өтті. Күрес бәсекесінде облыстың барлық аймағынан келген 100-ге тарта спортшы бақ сынап, 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Заманауи талаптарға сай салынған спорт кешенінде талантты саңлақтар Түркістан облысының жүлдесін сарапқа салды. Дзюдодан жастар арасында облыстың аға бапкері кезінде өзі де талантты балуан болып, еліміздің мерейін Халықаралық додаларда үстем еткен Мейіржан Қалтаев ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕЛДІ

Шымкент қаласында №101 сайлау учаскесіне Қасымжомарт өз таңдауын жасауға келді. Ол бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына алғаш рет қатысып отыр. 18 жасқа жақында толған Қасымжомарт қазір М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Аграрлық факультетінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша білім алып жүр. –Есімімді әжем қойған. Ол кезде қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Премьер-Министр қызметін атқарған екен. Абыройлы, білімді азаматтың есімін ...

Читать далее »

Саяси науқанда өз таңдауларын жасады

Шымкенттегі №10 сайлау учаскесін Көпбосыновтар отбасы ерекше мерекеге айналдырды. Туымыз, қызылды-жасылды шарлар балаларға қуаныш сыйлады. Қаламыздағы ең үлгілі отбасы келіндері мен немерелерімен науқанға келіп, өз таңдауларын жасады. —Балаларымызға бүгін мереке деп айттық. Расында сайлау — мереке. Біз қоғамда болып жатқан саяси науқанға қатысып, ел Президентіне даусымызды бердік. Ал балалары мұндай күннің маңыздылығын кішкентайынан сезіне бастайды, — деді отағасы. Айта кетейік, ...

Читать далее »

«ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ» ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Шымкентте №65 мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №146 сайлау учаскесіне «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар әулеті дауыс беруге келді. Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы жуырда Шымқалада өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Ата, бала, немере. Бір әулеттен шыққан аталы-немерелі байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр. –Байланыс саласында 35 жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды ...

Читать далее »