Сіздерді «28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге алғысымды білдіремін. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ...
Читать далее »Әлеумет
ТАУДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 16 ЖАСАР 2 ЖАСӨСПІРІМДІ ПОЛИЦИЯ ТАПТЫ
Түркістан облысы Созақ ауданының полициясына 26 маусым күні таңертең 11 бас жылқы мен 7 бас құлынын түгендеу үшін тауға шығып, қайта оралмаған екі кәмелетке толмағандар туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі жасөспірім мотоциклмен жылқы табынын іздеуге, Созақ ауданының аумағындағы таулы аймаққа бет алғаны анықталды. Олардың кеткеніне біршама уақыт ...
Читать далее »ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңіз Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдағы іргелі істердің алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті! Бұқаралық ақпарат дәл қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғаны белгілі. Ақпараттар ағыны толастамай, күн сайын көбейген XXI ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары шынайы ақпараттың қайнар көзі болып табылады.Уақыт ...
Читать далее »ЕЛІН СҮЙГЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР
Күнмен, түнмен, ауа райымен, уақытпен санаспайтын осы бір мамандық иелерінің мойнындағы жауапкершілік пен жанкештілікті көбіміз ескере де, сезіне де бермейміз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қатаң тәртіп пен мезгілсіз жұмысты кез-келген жанның қатар алып жүре алмасы анық. Бірақ, мәртебелі мамандықты атадан балаға жылдар бойы жалғап келе жатқан отбасылар көп. Мұндай отбасы – ...
Читать далее »АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансултан Сейтжановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 5 айдың қорытындысымен төмен болған кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы негізгі көрсеткіштердің 6 айдағы орындау жоспары туралы, ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктердің жай-күйі туралы, аудандағы ...
Читать далее »ӘБІЛКӘРІМ НҰРЛЫБЕК ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ
Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппараты «Қоғамның орта сапасын дамыту» бөлімінің бас маманы қызметін 2023 жылдың 26 қаңтарынан бастап атқарады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан аумағындағы шағын аудандар мен елді мекендердегі орталық және ішкі орам көшелерінің санитарлық тазалау, ағаш кесу және әктеу, шөп ору, көгалдандыру, ағаш және гүл егу бойынша мердігер мекемелердің ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 88 пәтер кілті табысталды. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, пәтер иелеріне ізгі ниетін білдірді. – Бүгін сіздермен ерекше қуанышты сәтте кездесіп тұрмыз. ...
Читать далее »КҮЗДЕ БИЗНЕС ФОРУМ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ұсыныстар қаралды. Қазіргі уақытта әлемде энергия ресурстарының тапшылығы байқалады. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ
Шымкентте газ жабдықтарын пайдалану кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасымен «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» құрылды. Мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда. Газбен жабдықтау туралы заңнамада газ ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Түркістан қаласында «Жастар орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық жастарға заманауи орталықтың кілтін табыстап, әр бастамаларына сәттілік тіледі. – Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30% құрайды. ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары