Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 20.06.2022

Із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен табылды

Түркістан облысының полицейлері кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz. 2022 жылдың 10 маусымы күні 4 айлық кішкентай баласымен бірге үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, із-түссіз жоғалған жас әйел Түркістан облысы полицейлерінің жүйелі және жоспарлы түрде жасаған жұмысының арқасында табылды. Нақтырақ айтсақ 14.06.2022 жылы Сауран аудандық полиция бөліміне ...

Читать далее »

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сататын орындар тексерілуде

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал сататын орындарды тексеруде. «Мал – баққанға бітеді» дегендей, төрт түлік малдың қадір-қасиетін білетіндерге оны өсірудің машақаты жақсы мәлім. Алайда, сол жазғы-қысқы бағымын қадағалап, азық-суын сайлап, тұратын орнын жайлап, күтіп отырған үй жануары табан астында қолды болып кетіп жататын жағдайлар да жоқ емес. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің айтуынша, төрт ...

Читать далее »

Полицейлер темір контейнерін ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер құны 2 000 000-ға жуық теңгенің темір контейнерін ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Ұрлық түбі – қорлық. Десек те, бүгінгі таңда еліміз бойынша түрлі себептермен қылмыс деңгейі өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ойнап жүріп от басқандар түптің –түбінде жазасын алады. Аз ғана затты бұйым көріп, қолды етіп,  аяғын шалыс басқан ...

Читать далее »

Полицейлер шұлығының ішіне гашиш жасырған шетелдікті ұстады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында орналасқан шекара бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына өту кезінде қызметтік ит белгі бергені хабарланған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды тінту кезінде, оның сол жақ аяғына киген шұлығының ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты зат «гашиш» болып шықты. Аталған ...

Читать далее »

«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ — ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қала күніне орай «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді. Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл наурыз айында құрылған ...

Читать далее »

Қала аудандарының тазалығы басты назарда

Шымкент қаласының тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес қала аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестемен орындалып, қарқынды жүргізілуде. Абай ауданы аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі ...

Читать далее »

ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУ

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 32-бабы тәртібінде Қоғамдық қауіпсіздікті, құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Заңның 32-бабын басшылыққа алып, ТҮСІНДІРЕМІН: Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі — Заң) реттеледі. Бұл заң елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді демократияландырып, жеңілдетті. Жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу ...

Читать далее »

«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында флеш-моб өткізілді

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы Леңгір қалалық емханасының психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерімен жалғасуда. Төлеби ауданы аумағында ағымдағы жылдың маусым айының 13-21 күндері аралығында өтіп жатқан акция аясында Леңгір қалалық емханасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Акция аясында әйелдерді және балаларды тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық жасаудың алдын-алу, оларды болдырмау, болған жағдайда тиісті шаралар қолдану екенін түсіндіру мақсатында Төлеби АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді ...

Читать далее »