Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 23.07.2024

Полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Келес ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады. Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі мал ұрлығы туралы арызданып, белгісіз біреу 700 мың теңге тұратын жылқысын жымқырып кеткенін хабарлады. Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні, Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұрланған жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық ...

Читать далее »

Полицейлер өтіп бара жатқан тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні ұстады

Жетісай ауданының полициясына жәбірленуші әйел хабарласып, көшелердің бірінде белгісіз адам құны 95 мың теңге болатын ұялы телефонын күшпен тартып алғанын хабарлады. Бұл факт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздеуге кірісті. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адаммен болған жанжал кезінде, күдікті одан Redmi маркалы ұялы телефонын тартып алып, ломбардқа өткізгені ...

Читать далее »

2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ АНА ӨЛІМІ ТІРКЕЛМЕДІ

2023 жылы нәрестелер өлімі 7,4% пайызға төмендеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылы босандыру және балалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде перинаталдық көмектің 3-деңгейіне- № 2 Қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесі және қалалық перзентхана ауыстырылды. Сондай-ақ № 3 Қалалық ауруханасының перзентхана ...

Читать далее »

Жат ағым — жат дүние

ХХІ ғасырда интернеттің дамуымен қатар, виртуалды әлемдегі теріс деструктивті ағымдардың да белсенділігі артып отыр. Бұрын көше кезіп өз сенімдерін таратқан олар бүгінде толықтай ғаламторға көшті десе болады. Алайда, белгілері өзгерген жоқ. Мұндай деструктивті ағымдарды тану үшін адамға дін ғұламасы болу керек емес. Жат ағымдардың негізгі белгілерін тани білсе, кез келген адам теріс идеологияны таратқан дінбұзарлардың қақпанынан аман қалуы мүмкін екені ...

Читать далее »

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын заңды әзірлеу мен қабылдауды тапсырған еді. Жүктелген міндет шеңберінде еліміздің барлық елді-мекендері мен қалаларында «Қоғамдық қабылдаулар» мен «Ашық есік» күні жиі өткізілуде. Басты мақсат тұрғындардың талап-тілегін тыңдау және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық өзгерістерімен халықты хабардар ету. ...

Читать далее »

МЫҢНАН АСТАМ БАЛА СУДА ЖҮЗУДІ ТЕГІН ҮЙРЕНДІ

Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Нұржан Нұрханұлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары, балаларды суда жүзуге тегін үйрету, заң талаптарын бұзушыларды жауапқа тарту сынды жұмыстардың нәтижелерін баяндады. Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында ...

Читать далее »

400 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР КӨЛЕМДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Әбілқайыр Бақытқалиұлы санитарлық тазалық, көгалдандыру, ирригациялық жүйелерді дамыту жұмыстарының барысынан хабардар етті. Қазіргі таңда қала аумағында жалпы аумағы 210 га жер телімін құрайтын 10 саябақ, 44 гүлзар мен аллея, 117 га құрайтын «Дендросаябақ» бар. Биыл екі саябақтың (Сәуле шағынауданы, Шымсити ...

Читать далее »

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰҒЫРЫ

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Ал жыл сайын үлгілі отбасылар байқауын өткізудің маңызы зор. Себебі, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік ұғымдарын ел санасына сіңіру, әсіресе, жастарға жеткізу, жарасымды отбасы құндылығын кеңінен насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын арттыруға болады. Осыған орай, Шымкентте дәстүрлі байқау он бірінші рет өткізілгелі отыр. ...

Читать далее »