Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2025 (страница 43)

Годовые архивы: 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ

Түркістан облысындағы Өндірістік парк аумағында мақта, күріш және басқа да дақылдарды жинауға арналған ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру зауыты салынады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамының президенті Динара Шүкіжанованы қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланып, агроөнеркәсіп саласында жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайы пысықталды. Облыс басшысы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, ортақ бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. ...

Читать далее »

ШАРДАРАДА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қол күресінен Әлем кубогының иегері Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы, халықаралық додаларда еліміздің атын әлемге танытып жүрген “Шардара Армспорт” клубының спортшысына аудан әкімі Арман Қарсыбаев төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. “Самат Мұқасан – спорттағы табандылықтың, елге деген адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай жастарымыздың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ АНАСЫНА ДОНОР БОЛЫП, БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты. Науқас – 54 жаста. Диагнозы: MELD – 26 балл, бауыр циррозы (СТР бойынша С класы, 12 балл), біріншілік билиарлық ...

Читать далее »

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші. Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері бұдан да кең. «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей шығуға болады. Ал «Шығыс ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ БОЛУЫ ТИІС

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты. Президенттің айтуынша, қазіргі заманда жаңа технологияларды игеру, инновацияны енгізу және ІТ саласын өркендету – ел экономикасының тұрақты өсіміне серпін беретін басты факторлардың бірі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың, бизнеске қолайлы жағдай жасаудың және жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл шаралар Қазақстанды заманауи технологиялар мен ...

Читать далее »

Жаһандық басқару бастамасы: Ғаламдық қауіпсіздік пен әділдікті қалыптастыру жолында

Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму мақсаттарына тезірек жетуге ықпал ететін Жаһандық даму бастамасына (Global Development Initiative) еліміздің қолдау көрсететінін жеткізді. – Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Тяньцзинде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіндегі Қытайдың кейінгі стратегиялық ұсынысына – Жаһандық басқару бастамасына (Global Governance Initiative) сай келеді. Аталған бастама тұрлаусыз әлемге оң әсер етіп, көптеген елдің мақсат-мұратын айқын жеткізуіне көмектеседі. Осы ретте негізгі ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қытайдың жаһандық бастамасы жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңеске қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі. Іс-шара «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналды. Мемлекет басшысы аса маңызды әрі дер кезінде ұйымдастырылған жиын үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің көреген басшылығы мен анағұрлым әділ, инклюзивті ...

Читать далее »

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды. Жалпы, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттермен, премьер-министрлермен, министрлермен, халықаралық ұйымдардың және компаниялардың жетекшілерімен 20-дан астам кездесуі өтті. Жүздесулерде қарастырылған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестициядан бастап жасанды интеллектіге дейінгі көптеген бағытты қамтыды. Елімізге миллиардтаған доллар инвестиция тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

Мемлекет басшысы аталған стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру ісінде Американың энергетика компаниялары басты рөл атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар Президент геологиялық барлау әрі іске асырылып жатқан жобалардың аясын кеңейту, әсіресе, уран өндіру және оны өңдеу саласында жаңа мүмкіндіктерді зерделеу қажет екенін атап өтті. Қазақстан әлемдік уран нарығындағы сұраныстың шамамен 40 пайызын өтейді. Ал АҚШ осы материалдың орта есеппен 24 пайызға ...

Читать далее »

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді. Бұл бағыттағы күш-жігерге С5+ және B5+ форматындағы тұрақты ынтымақтастық тың серпін бере алады. Президент дөңгелек үстел қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімет берді. – Қазақстан білім мен инновацияға ...

Читать далее »