Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан (страница 13)

Түркістан

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ БАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы аудандағы қарқынды бау ісін қолға алып, өз кәсібін өрге сүйреп отырған серіктестіктің шаруашылығымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аралау барысында Қоғам ауыл округі аумағында орналасқан «Отырар-Құрал» ЖШС-нің басшысы Наятулла Бөрібаев қарқын бау шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстары туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Айта кету керек, жобаның инвестициялық құны бүгінгі ...

Читать далее »

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарын аралап, жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа оқу жылдың басталуына небәрі он күн қалды. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы білім ошағы ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатқан Екпінді елді мекеніндегі Т.Назарбеков атындағы және Кеңесарықтағы Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының күрделі жөндеуден ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласының мәдени күндері басталды. Мерекелік шараға Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Этно-ауыл аумағында Түркістан қаласының өнерпаздары ұмыт болып бара жатқан көне ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сахналап, кимешекті әжелер тобы «Ауылдың алты ауызын» шырқады. «Яссы» халықтық этно-фольклорлық және би ансамблінің ...

Читать далее »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОРДАБАСЫДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Ордабасы ауданынына жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жай-күйімен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданда жиырма шақты мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде аудандық мәдениет үйінен бөлек, клуб мекемелері мен ауылдық мәдениет үйлері бар. Төрткүл мәдениет үйіне барып, ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» МЕРДІГЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛЫП, ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абаттандыру және жолдардың құрылыстары да дер кезінде аяқталуы тиіс. Білім нысандарының құрылысында орын алып отырған проблемаларды талқылап, ...

Читать далее »

ПОЛИЦИЯ БІР ТӘУЛІКТЕ 500-ГЕ ТАРТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАП, 32 КӨЛІКТІ АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙДЫ

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен 20-22 тамыз күндері аралығында Сайрам ауданында профилактикалық іс-шара өткізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің тиісті құрылым басшылары мен басқа аудандардан жеке құрам жұмылдырылып, ауқымды жұмыс атқарылды. Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілген іс-шараның алғашқы тәулігінде полиция басқармасына 52 тұлға жеткзілді. Профилактикалық есепте тұратын ...

Читать далее »

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕРГЕ 11 ДАНА ЭЛЕКТРЛІ КӨТЕРГІШ МАШИНАЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан аумағындағы ауылдық округтер мен кенттерге 11 дана электрлі көтергіш машиналарын табыстады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бағаналардағы көше жарықшамдарын алмастыру мен ауылдарға кіре беріс тұстағы аркаларды безендіру сынды жұмыстарды оңтайландыру мақсатында жеткізілген жаңа қондырғылардың тиімділігімен жан-жақты танысты. Округ әкімдеріне ендігі кезекте ішкі көшелердегі жарықшамдардың сөніп қалуы сынды мәселелер ...

Читать далее »

АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Aудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, Ақниет елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының мән-жайын бақылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетсек, жоба бойынша жалпы 20 шақырым құбыр жүргізу қажет болса бүгінгі таңда мердігер мекеме «Exclusive Project company» ЖШС-гі тарапынан елді мекенде ...

Читать далее »

АУДАН ӘКІМІ ОРМАН ЖӘНЕ ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Төтенше жағдайдың алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселең, биыл жыл басынан бері аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне орман және дала өрттеріне қатысты 147 хабарлама түсіп, 42 рет арнайы жасақ шыққан. Нәтижесінде, өрт дер кезінде ауыздықталған. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен жиында ...

Читать далее »

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысты. Аталған мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Бекмұрат жаңа оқу ...

Читать далее »