Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан (страница 32)

Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАР МЕЙІРІМДІЛІК – БАЛАЛАРҒА!

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Т.Тәжібаев атындағы отбасылық тәрізді балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Бар мейірімділік балаларға» атты мазмұнды экскурсиялық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл игі бастама балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың рухани дамуына оң ықпал етуді көздеді. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жан дүниесін байытып, тарихи санасын тереңдету, туған өлкенің рухани-мәдени ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, қоршаған ортаны көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен қолға алынған бұл шараға 750-ге жуық мемлекеттік қызметші, түрлі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысып, бірлесіп табиғатты қорғау ісіне үлес қосты. Сенбілік барысында негізгі назар ағаш егу мен көгалдандыру ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Ж.ҚАЛШОРАЕВ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдық мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округіне қарасты 3 мыңға жуық тұрғыны бар Ж.Қалшораев ауылына табиғи газ берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Көп жылдан бері күткен игіліктің жүзеге асуы ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда. Ауылға көгілдір отынның қосылуына орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ТЕХНИКАЛАР САПЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Қыс қаһарына мінбей тұрып, Түркістан қаласында коммуналдық қызметтердің дайындығы тағы бір мәрте сараланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы жұмыс базаларын аралап, қар тазалау мен көктайғақтың алдын алуға жауапты техникалардың жағдайын жеке бақылаудан өткізді. Соңғы жылдары жол инфрақұрылымы кеңейіп, асфальттанған көшелердің үлесі 66,7 пайызға дейін өскен шаһарда қысқы маусымның жауапкершілігі де арта түскені анық. Қазіргі есеп бойынша 845 шақырым жолдың 125 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕНАТОРЛАР ШАРДАРА АУДАНЫНА КЕЛДІ

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Шардара ауданына келді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Делегация өңірдегі ірі өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласының даму қарқынын бағамдады. Іс-шараға комитет төрағасы Әли Бектаев, комитет мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ...

Читать далее »

САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАП, БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Іссапар барысында вице-министр облыстық әкімдік өкілдерімен бірге кәсіпорындарды аралап, бизнес қауымдастықпен ашық форматта пікір алмасты, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапардың басты мақсаты – өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту, отандық өндірісті қолдау және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылау. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫСҚЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқы кезеңге даярлық аясында коммуналдық ұйымдардың жұмыс базаларын аралап, техникалардың жарақтандырылуы мен қолжетімділігін тексерді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Шаһар басшысы қала аумағында қар тазалау, көктайғақтың алдын алу және жедел әрекет ету шараларының нақты жоспарын пысықтап, жауапты мекемелердің дайындығын күшейтуді тапсырды. Қазіргі таңда қала жолдарының жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы – ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨГАЛДАНДЫРУ-АБАТТАНДЫРУ БАРЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы ауқымды жобалардың орындалу барысын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аудан басшысы әр нысанда атқарылған жұмыстардың сапасына, мерзімдік орындалуына және эстетикалық талаптардың сақталуына ерекше назар аударып, жауапты мекемелердің жұмысын қадағалады. Алдымен аудан әкімі Шымкент бағытынан Темірланға кіре берістегі арнайы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған жұмыс тобы келіп, «Ecoculture–Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Делегация құрамында Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев болды. Сапар барысында жобаның ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұхаммедғали Әшірбаев тұрғындармен жеке кездесіп, олардың мәселелеріне құлақ түрді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар түрлі әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштерін білдіріп, тиісті жауаптар алды. Бұл қабылдау халық пен билік арасындағы ашық әрі тікелей байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері, әлеуметтік көмектер, жер ...

Читать далее »