Діни мәселелер қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды, күрделі мәселелердің бірі болып келген. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң ...
Читать далее »Қоғам
Сенімді ақпараттың маңыздылығы
Қазір бәріміз де жиі айтып жүрген ақпарат ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Осыдан отыз жыл бұрын әлемде қандай да бір уақиға жер бетіне бірнеше күнде тарайтын болса, бүгінде «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» соңғы технологиялар кез келген ақпарды жер бетіне санаулы секундттарда таратуға қауқарлы. Әрқайсымыз үйде отырып ақ, әлемнің кез келген түкпірінде не болып жатқанын біле алатын дәрежедеміз. Осы ретте ...
Читать далее »Еліміздегі діни оқу орындарының маңызы
Қазақстан қоғамындағы бүгінгі күнгі ислам діні қоғамда таратушы, насихаттаушы, қоғамның діни сауатын көтеруге өзіндік үлкен үлес қосушы мешіттер мен медреселердің негізі сонау Пайғамбар (с.а.с.) дәуіріндегі қарапайым Суффа мен медресеге дейінгі оқу ошақтарында, теңіз тамшыдан құралғаны секілді, ислам білімі мен ғылымы шоқтығы биік ғалымдардың еңбегімен қаланды. Адамзат тарихына зер салар болсақ, ешбір мемлекет пен қоғамның білім мен ғылым, тәрбие саласына көңіл ...
Читать далее »Ғаламтор жүйесінде контактісіз арбаудың әдіс- тәсілдері
Әр бір жат ағымның мақсаты өз жақтастарының қатарын көбейту. Сол мақсатта әртүрлі қайырымдылық қорлар, ресми емес оқу орындар ашады. Сондай ақ, әлеуметтік желілерде түрлі атаумен жүздеген топтар мен сайттар ашып экстремистік ұйымдар тарапынан қаржыланады. Одан басқа да адамды арбау мақсатында бағытталған әртүрлі жолдар мен әдістер жетерлік. Бүгінгі күнде арбау және дін жақтастарын тарту процесі интернет жүйесінде кең таралған. Бұл әдісті ...
Читать далее »Діни терроризм, мақсаты және идеогогиясы
«Террор» ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде «әлсіздің» тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азғыншылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсіндіріледі. Терроризм – ұйымдасқан топтың діттеген мақсатына жету үшін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер қоғамдық ғимараттарды басып алу, ...
Читать далее »Дін еркіндігі және радикализация
Еркіндік – ар-ұят, ақыл-парасат, мейір-махаббат, тәубе, уәдеде тұру, жауапкершілік секілді негізгі рухани қасиеттеріміздің ажырамас бір бөлігі. Дін дегеніміз – адамның рухани дамуының ажырамас тірегі. Діннің түпкі мақсаты – адамды кемелдендіру, рухани тәрбиелеу. Жақсылық пен рақым көрсетуді, бір нәрсені ең жақсы түрде істеуді, Аллаға шын жүректен, ықыласпен қызмет етуді білдіреді. Әзіреті Әли: «Адамдар өз жұмысын ихсанмен орындау арқылы құрметті болады» – ...
Читать далее »Қазақ халқының діни танымы
Әлeмдeгі әрбiр ұлттың ғacырлaр бойы жинaқтaғaн рухaни бaйлығы дiни құндылықтaрмeнacтaрлаcaтындықтан, қaзaқ хaлқының дa иcлaм құндылықтaрымeн тікелей бaйлaныcатын рухaни бaйлығы мeн дiни құндылықтaры бaр. Иcлaм – бүгiнгi тaңдa он бec ғacыр бойы әлeмнiң миллиaрдтaғaн aдaмдaрының, әр түрлi этникaлық қaуымдacтықтың, оның iшiндe қaзaқ этноcының дa тұрмыc-caлты мен дүниeтaнымынa ықпал eткeн күрдeлi тaрихи жүйе. Aдaмзaт тaрихының күрe тaмыры – мəдeниeт, aл мəдeниeттiң күрe тaмыры ...
Читать далее »Шетелдік діни уағызшылардың қауіптілігі
Дәстүрлі емес діни ағымдардың санының көбеюі адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып табылады. Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі. Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік ...
Читать далее »Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Қазақ өз тарихында бірліксіз тірлік қылғанда ғана қапыда қалып отырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай тірлік болмас», «бірлік түбі – береке», «алтау ...
Читать далее »Дін және қазақы мерекелер
Қазақ тұрмыс-тіршілігі отбасылық өмірі мен еңбегі, табиғатпен етене үндесуімен, сол ұмтылысқа жетудегі қуанышымен сипатталады. Ендеше сол қуанышын білдіретін тек отбасылық дәстүрлі әрекеттер ғана емес, олар шаруашылыққа да, табиғат құбылыстарына да байланысты. Олай болса, қазақ халқының дүниетанымы тек киген киімі мен ішкен тамағына, отбасылық салт-дәстүрлерінде ғана емес, бар болмысында сипат алған. Бабаларымыздан басталып бүгінгі ұрпаққа жеткен мерекелер мен салт–дәстүрлер көшпенділер дүниетанымының ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары