Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 (страница 2)

Годовые архивы: 2022

САЙЛАУДАН БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Биылғы кезектен тыс Президент сайлауы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Сайлау 20 қараша – Халықаралық сәбилер күні мерекесімен қатар келіп, балғындар үшін арнайы игі іс қолға алынды. Қаладағы сайлау учаскелеріне балаларымен келген сайлаушылар олжалы болды. Солардың бірі — «Мирас» шағынауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Сапарұлы. Төлеген қария А. Құнанбаев атындағы мектепте орналасқан №274 сайлау учаскесіне жұбайы Ұлбала апа мен егіздер — Айым, ...

Читать далее »

«ТАЗА ҚАЛА» ЖЕҢІМПАЗЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласының тұрғыны Қарлығаш Рахиева №91 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Қ.Рахиева жуырда Шымкент қаласында өткен «Таза қала» байқауында жеңімпаз атанған болатын. Әл-Фараби ауданындағы ең таза, ең көрікті аула осы – Қарлығаш Рахиева тұратын Әлімбетов көшесіндегі №45 в тұрғын үйдің ауласы. – Қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосып жүрген азаматшалардың бірімін. Мен тұратын көпқабатты үйдің тұрғындары белсенді, ынтымақты, жауапкершілігі ...

Читать далее »

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ӘСЕМ ӘНМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Әлемге танымал опера жұлдызы Майра Мұхамедқызы Шымкенттің Опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс берді. – Мен тағдырыма ризамын. Тәуелсіздіктің арқасында өз Отаныма оралдым. Мен Қазақстанды өнер елшісіндей әлем сахналарында танытып келемін. Мен ешбір сайлаудан қалыс қалмағанмын. Себебі, сайлау – елдіктің нышаны. Өз еліміз бар, өз жеріміз бар, бақытты халықпыз, — деді опера әншісі. Қазақстанның еңбек ...

Читать далее »

М.ӘЙТЕНОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайлауда өз таңдауын жасап, 231 сайлау учаскесінде дауыс берді. “Бүгін алдағы 7 жылымызды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Президенті сайлауы өтуде. Еліміздің әрбір тұрғыны бұған бей-жай қарамайды деп сенемін. Қазақстан азаматы ретінде мен де өз таңдауымды жасадым”-деді М.Әйтенов. Шымкент қаласында бүгін заң талаптарына сай және заңда бекітілген мерзімде 311 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне ...

Читать далее »

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Шымкентте Самат Шәмші бастаған «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары таңғы сағат 08.00-де Президент сайлауында дауыс беруге Қажымұқан атындағы стадионға келді. Футболшылар Самат Шәмші, Тимурбек Закиров, Қажымұқан Төлепберген, Сағадат Тұрсынбай және Бекхан Шайзада 90 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады. – «Ордабасы» футболшыларының соңғы ойынында шымкенттік жанкүйерлеріміздің қолдауы мен ықыласы бізге рух берді. Клубымыз 70 жылдан астам уақыттан бері Шымкент қаласының намысын қорғап, ...

Читать далее »

ПРОГОЛОСОВАЛ В СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ

Жителю Шымкента Нурсултану Джаксыбеку сегодня исполнилось 18 лет. С утра он пришел на свой избирательный участок и отдал свой голос на выборах. — Мне сегодня исполнилось 18 лет. Когда я услышал, что выборы состоятся 20 ноября, обрадовался. Сразу спросил, могу ли я проголосовать в свой день рождения. Мне ответили, что могу. Я рад, что мой день рождения совпал с историческим ...

Читать далее »

БҮГІН 18 ЖАСҚА ТОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК САЙЛАУШЫ ТУҒАН КҮНІН ДАУЫС БЕРУДЕН БАСТАДЫ

Шымкенттің тұрғыны Нұрсұлтан Жақсыбек 18 жасқа толған туған күнін сайлау уаскесінде дауыс беруден бастады. – Мен бүгін 18 жасқа толдым. Сайлау 20 қарашада болатынын естігенде, мен сол күні 18 жасқа толамын ғой деп ойлап қойып едім. Дәл сол күні дауыс бере аламын ба деп сұрап алдым. Бере алады екенмін. Туған күнімнің елімізде болып жатқан тарихи күнмен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Бұл ...

Читать далее »

ТЫЛ АРДАГЕРІ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

Шымкенттегі №142 сайлау учаскесінде 88 жастағы тыл ардагері Өркен Әбдіреев ақсақал алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келді. Дауыс беруден соң ардагерге сыйлық табысталды. Шымкентте тыл ардагерлердің саны — 2332.

Читать далее »

ПЕРВЫЕ ПОСЕТИТЕЛИ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКОВ В ШЫМКЕНТЕ ПОЛУЧАЮТ ПОДАРКИ

В семь часов утра в Шымкенте стартовало голосование на открытых избирательных участках. Первые посетители получают различные подарки. К 7.20 часам призы получили первые посетители почти всех 293 избирательных участков города. Подарки вручают председатели и члены участковых избирательных комиссий. Это поднимает настроение граждан и побуждает тех, кто еще не проголосовал. «Настроение хорошее, удалось проголосовать в числе первых избирателей. Получил за это ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ ДАУЫС БЕРГЕН ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында 293 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмысын бастады. Қала тұрғындары таң азанымен белсенділік танытып, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда өз таңдауларын жасап жатыр. Шымкенттегі 4 аудандағы сайлау учаскелерінде алғаш келген сайлаушылардың барлығына сыйлықтар табысталды.

Читать далее »