Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Июль (страница 30)

Месячные архивы: Июль 2022

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР «МЕКТЕБІҢЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА» АКЦИЯСЫН САУРАНДЫҚТАРҒА ЖОЛДАДЫ

Былтыр Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Түлкібас ауданында бастау алып, биыл «Балалар жылы» аясында жалғасын тапқан «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы аудандық мәдениет үйінде қорытындыланды. Ұлттық домбыра күніне орайластырылған шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев, Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Сәдібаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадірбек, мектеп директорлары мен зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. ...

Читать далее »

ДӘУРЕН АБАЕВ ТӨЛЕБИДЕГІ «СУРЕТШІЛЕР ҮЙІНДЕ» ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іссапармен келді. Мәдениет саласына жауапты министр былтыр Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Өңірдің талантты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповпен пікірлесті. Министр қазақ ұлттық гобелен өнерінің үздігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларымен танысты. Дәурен Әскербекұлы іссапар барысында ...

Читать далее »

ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жылу беру маусымы басталасымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады.  Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады.  Адам өміріне қауіпті  улы газбен уланудың  алдын алу үшін ең бірінші ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 218 ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жыл басынан бері Түркістан облысының жастарына 182 мыңнан аса медициналық қызмет көрсетіліп, оған 431 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Ал, қазіргі таңда еліміз бойынша қалалық, аудандық емхана мен жекеменшік клиникаларда барлығы 218 денсаулық орталығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады. «Орталықта негізінен 12–17 жас аралығындағы ...

Читать далее »

«ТРАМАДОЛ» — ЖАСТАР ЕСІРТКІСІНЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Келес ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық құқық бұзушылық профилактикасы комиссиясының хаттамалық тапсырмасы негізінде, нашақорлыққа қарсы комиссия шеңберінде ауыр психатроптық дәрі болып табылатын — трамадол дәрісінің кері әсері және адам ағзасына тигізетін зардаптары туралы жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды атқаруды тапсырды. Берілген тапсырма аясында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауылдың беделді ақсақалдары, мешіт имамдары және құрылымдық ...

Читать далее »

Ел аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды

Полицейлер республика аумағында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтады, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Заңсыз келуші-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Шараның басты мақсаты — Қазақстан аумағына заңсыз келген, жұмыс жасап жүрген шетел азаматтарын анықтау. Сонымен қатар көші қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен оларды қабылдаушы азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шара ...

Читать далее »

Түркістанда «Автобус» іс-шарасы өтуде

«Автобус» іс-шарасының бір тәулігінде 330-дан астам құқық бұзушылық анықталды, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілерінің көлік тәртібін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның бір күндік нәтижесінде Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлерімен 331 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл рейдтік шара ағымдағы жылдың 30 маусымы ...

Читать далее »

КЕНТАУДА: «АВТОБУС» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Кентау қаласында ағымдағы жылдың 30 маусым- 4 аралығында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты автобус жүргізушілерінің тиісті құжаттары, қоғамдық көліктің техникалық жағдайын тексеру және бекітілген жол жүрісі талаптарына сәйкес жүру негізін анықтау болып табылады. Сондай-ақ, осы мақсатта жергілік полиция қызметкерлері қала ішіндегі қоғамдық көліктер мен қала аралық тасымалдау көліктеріне тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде шара барысында 15 әкімшілік құқық бұзушылық ...

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі және әкімдік қызметкерлері тұрғындармен кездесті. Кездесуде биылғы жылы ауыл көлемінде жоспарланған жұмыстардың орындалуы, басқа да мәселелерді шешу тәртібі түсіндіріп, ауыл тұрғындарына жемқорлыққа жол беру оқиғалары баяндалды. Тұжырымдама сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, сыбайлас жемқорлықтың экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын ...

Читать далее »