Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Июль (страница 6)

Месячные архивы: Июль 2022

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 36 жүргізуші анықталды

Жол бойында орын алатын түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Рейд кезінде заңсыз құжатсыз жүрген 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, 87 автокөлікке әкімшілік кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар түзілді. Атап айтар болсақ, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша – 35, көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануымен ...

Читать далее »

Полицейлер мас халдегі ер азаматтан марихуана есірткісін тәркіледі

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресуде «Қарасора 2022», жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде жүргізуде. Шара барысында тәртіп сақшылары ауыл орталығында масаң халде кетіп бара жатқан азаматқа күдіктеніп, оны тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Орта жастағы ер адамды тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан ақ қағазға оралған, есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдік тәркіленіп алынды. Аталған жайтты ...

Читать далее »

Дүкеннен ұялы телефон ұрлаған бойжеткен ұсталды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның жұмыс жасайтын сауда орталығында тұрған «OPPO A53» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 130 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден ...

Читать далее »

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2022 жылдың 27 шілде — 7 қыркүйек аралығында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының, оған бағынысты мекемелер және ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады. Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, ...

Читать далее »

АСАР – 2 АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Асар-2 шағынауданының қалған бөлігіне инфрақұрылым тартылуда, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласындағы Асар – 2 шағын ауданына таза ауыз су жүйесінің құбыры тартылуда. Шілде айында басталған құрылыс, қарашаға дейін аяқталып, 996 үйге сапалы ауыз су беріледі деп күтілуде. Асар – 2-нің 1-ші кезеңі бойынша былтырғы жылы 2765 абономент, яғни 11 мыңнан астам халық таза суға қосылған болатын. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ 1776 БАЛА СУДА ЖҮЗУ КУРСЫ БОЙЫНША ТЕГІН САБАҚ АЛДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Н.Қаракөзев шомылу маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша баспасөз брифингін берді. Спикердің сөзінше, Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөліп, су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суда төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендету бойынша іс-шаралар кешенін жүргізген. Нәтиежесінде, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 51 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Соңғы жылдары үшінші мегаполисте тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артып келеді. Шымкент қаласында жыл соңына дейін 51 тұрғын үй тапсырылады. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді. – Шымкент қаласының құрылыс басқармасы негізгі ірі құрылыс нысандарына жұмыс тапсырушы болып табылады. Оның ішіндегі негізгі нысандардың бірі тұрғын ...

Читать далее »

«БАСТАУ БИЗНЕС»ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 25-ші шілдесінен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта жүзеге асырылуда. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған азаматтар Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады. Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталында тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе ...

Читать далее »

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы кезінде патрульдік полицейлермен 1600-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы өтуде. Патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударды. ...

Читать далее »

Қойымды саттың деп ренжіген жасөспірім үйінен кетіп қалған

Келес ауданының жергілікті тұрғыны 14 жасар ұлының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, 2 күннен бері қайта оралмағандығын айтып, Келес АПБ-ға арызданады. Ауыл-аймақ, канал жағаларын қарап, іздестірген жақындары нәтиже шықпаған соң, бар үміттерін сақшыларға артады. Оның үстіне ұлының денсаулығында кінәраты бар екенін жеткізеді. Жоғалған жасөспірімді іздеуге Келес АПБ-нің барлық тиісті полицейлері жұмылдырылды. Әр полицей өз аумағына қарасты үй-жайларды тексеріп, баланың баруы ...

Читать далее »