Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » КЕЛЕСТЕ ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

КЕЛЕСТЕ ЖАҢА МӘДЕНИ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

Бүгінде Келес ауданында әлеуметтік-мәдени бағыттағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, аудандағы Абай ауылы мен Жүзімдік ауылдық округінде мәдени нысандардың құрылысы басталды. Алдымен аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев Абай ауылында салынып жатқан музейдің құрылыс алаңына арнайы барды. Музей құрылысы мердігер мекеме «Намыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары биыл басталып, 2026 жылы толықтай аяқталмақ. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасын қалау үшін жер қазу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Абай ауылында салынып жатқан дамыту орталығында болды. Орталық – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қосымша білім алуына мүмкіндік беретін заманауи кешен болмақ. Онда түрлі үйірмелер, курстар, IT және робототехника бағытындағы сыныптар ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, аудан басшысы Жүзімдік ауылдық округінде бой көтеретін 149 орындық мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Жаңа мәдениет үйі түрлі мәдени шаралар мен мерекелердің, концерттердің орталығына айналмақ. Сонымен қатар, бұл ғимаратта кітапхана, көрме залы, би және музыка студиялары да жұмыс істейтін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*