Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан (страница 21)

Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында қаланың денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары және орындаушылық тәртіптің сақталуы жөніндегі жұмыстар талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бүгінде Түркістан қаласында 18 медициналық ұйым қызмет атқарады. Қала бойынша 269 285 тұрғын медициналық ұйымдарға тіркелсе, оның 219 135-і сақтандырылған, ал 48 792 тұрғын сақтандырылмағаны анықталды. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында қазіргі таңда 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы тұрғындарға қызмет көрсетуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Қала аумағында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз жағдайда ойнауына, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Биыл 40 ойын алаңшасына жаңарту жұмыстары жүргізіліп, олардың жабдықтары толықтай жаңартылды және қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, тұрғындар сұранысы мен қала ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының барлық елді мекендерді таза ауыз сумен 100 пайыз қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ордабасы ауданында жүргізілген жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асып, биыл бұл межеге толық қол жеткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Осылайша Ордабасы Президент тапсырмасын мерзімінде орындап, елді мекендерді ауыз сумен толық қамтамасыз еткен өңірлер қатарына қосылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағындағы 57 елді мекеннің 54-і орталықтандырылған ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті апталық аппараттық мәжіліс өтті,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі түрде бақылауға және жоспарланған міндеттердің орындалу барысын саралауға бағытталды. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелер аудан дамуының негізгі бағыттарын қамтып, нақты көрсеткіштерге талдау жасалды. Аудан әкімі мәжіліс басында:«Әрбір көрсеткіш ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАР МЕЙІРІМДІЛІК – БАЛАЛАРҒА!

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Т.Тәжібаев атындағы отбасылық тәрізді балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған «Бар мейірімділік балаларға» атты мазмұнды экскурсиялық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл игі бастама балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың рухани дамуына оң ықпал етуді көздеді. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жан дүниесін байытып, тарихи санасын тереңдету, туған өлкенің рухани-мәдени ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, қоршаған ортаны көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен қолға алынған бұл шараға 750-ге жуық мемлекеттік қызметші, түрлі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысып, бірлесіп табиғатты қорғау ісіне үлес қосты. Сенбілік барысында негізгі назар ағаш егу мен көгалдандыру ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Ж.ҚАЛШОРАЕВ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдық мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округіне қарасты 3 мыңға жуық тұрғыны бар Ж.Қалшораев ауылына табиғи газ берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Көп жылдан бері күткен игіліктің жүзеге асуы ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда. Ауылға көгілдір отынның қосылуына орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ТЕХНИКАЛАР САПЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Қыс қаһарына мінбей тұрып, Түркістан қаласында коммуналдық қызметтердің дайындығы тағы бір мәрте сараланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы жұмыс базаларын аралап, қар тазалау мен көктайғақтың алдын алуға жауапты техникалардың жағдайын жеке бақылаудан өткізді. Соңғы жылдары жол инфрақұрылымы кеңейіп, асфальттанған көшелердің үлесі 66,7 пайызға дейін өскен шаһарда қысқы маусымның жауапкершілігі де арта түскені анық. Қазіргі есеп бойынша 845 шақырым жолдың 125 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЕНАТОРЛАР ШАРДАРА АУДАНЫНА КЕЛДІ

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Шардара ауданына келді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Делегация өңірдегі ірі өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласының даму қарқынын бағамдады. Іс-шараға комитет төрағасы Әли Бектаев, комитет мүшелері, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ...

Читать далее »

САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАП, БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Іссапар барысында вице-министр облыстық әкімдік өкілдерімен бірге кәсіпорындарды аралап, бизнес қауымдастықпен ашық форматта пікір алмасты, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапардың басты мақсаты – өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту, отандық өндірісті қолдау және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылау. ...

Читать далее »