Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан (страница 27)

Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Келес аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отызыншы сессиясы өтіп, оған мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Нұрхан Мережепов төрағалық етті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сондай-ақ отырыс жұмысына Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысты. Сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Отырыста ауданның даму бағытына тікелей әсер ететін «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және «2025–2027 жылдарға ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗДІ

Келес ауданында пробациялық есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету және профилактикалық жұмысты күшейту мәселелеріне арналған отырыс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев төрағалық етті. Отырыста Түркістан облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының басшысы Нұрғали Асқанбеков, аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов, тиісті бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АЛҒАШ РЕТ САХНАЛАНДЫ

Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай “Келес” халықтық театры Есенғали Раушанның «Абай» спектаклін сахналады. Бұл қойылым Түркістан облысының аудандары ішінде алғаш рет көрсетілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Шараға 500-ге жуық көрермен келген. Қойылымда тек екі кейіпкер болса да, сахнадағы шебер ойын мен сахна артындағы қызметкерлердің қолдауы көрерменге ерекше әсер етті. Минималистік сахналық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ЖҰМЫС – ЕҢ АЛДЫМЕН ӨЗ ИГІЛІГІМІЗ ҮШІН!»

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға аудан әкімдігінің аппарат басшысы, әкім орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ қала мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне енгізілген үш өзекті мәселе жан-жақты қаралды. Бірінші мәселе аудан бюджетінің орындалу барысына арналды. Бұл бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А. Мұратов баяндама жасап, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Кентау қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарды марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл шара – ел болашағын тәрбиелеп отырған аналарға көрсетілген айрықша құрметтің, мемлекет тарапынан жасалып жатқан нақты қолдаудың көрінісі. Салтанатты жиынға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы қатысып, аналарға мерейлі марапаттарын табыстады. Ол өз сөзінде ана – қоғамның тірегі, отбасының берекесі ...

Читать далее »

САРЫАҒАШТА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысан пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту, жастар мен балаларға арналған спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Құркелес ауылдық округінде заманауи спорт алаңшасы ел игілігіне ұсынылды. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының салауатты өмір ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “ҮЗДІК ПСИХОЛОГ – 2025” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17 аудан мен қалалық жастар ресурстық орталықтарының психологтарының қатысуымен “Үздік психолог – 2025” облыстық байқауы ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған байқау өңірде жастармен жұмыс жүргізіп жүрген психолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды. Байқаудың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейту, психолог мамандарының кәсіби ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 150-ГЕ ЖУЫҚ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАҒАН

Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры 2025 жылы көрерменге 150-ге жуық қойылым ұсынып, шығармашылық тұрғыдан жемісті жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Сондай-ақ, театр репертуары биыл 6 жаңа қойылыммен толықты. Оның үшеуі ересек көрерменге арналса, қалған қойылымдар балалар аудиториясына бағытталған. Бұл туралы брифинг барысында театр директоры Арман Алиев мәлімдеді. – Биыл барлығы 141 қойылым көрермен назарына ұсынылды. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ КӨКӨНІС САҚТАУ МЕН ӨҢДЕУДІҢ ҚЫР-СЫРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жеміс-көкөніс сақтау бағытын дамыту – ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығынын азайтып, шаруалардың табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды қадам,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Астана қаласында өткен халықаралық форумда БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесу барысында ерекше атап өткен болатын. Бұл өз кезегінде салаға жаңа технологиялар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Түркістан облысында жүйелі түрде жалғасуда,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аталған бастама аясында 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Бірлік аллеясы» ашылып, 150-ге жуық ағаш егілді. Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында өткен шараға Түркістан облысының мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары ...

Читать далее »