Ордабасы ауданында мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара аясында криминалды полиция және учаскелік полицейлер мен ветеринар мамандар тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелесу жұмыстары, сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып ...
Читать далее »Қоғам
ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында жалпы қар тазалау және жаңбыр суларын тазарту жұмыстарына таңғы 6:00-ден бастап арнайы 23 техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 9 данасы — КДМ, 4 дана — Беларус трактор, 7 дана — тратуар тазалайтын қызыл трактор, 3 — дана водавоз техникалары. Тазалық жұмыстары алдымен маңызы бар үлкен көшелер мен нысандарда, ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА 508 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы көпқабатты «Жібек жолы» тұрғын үй кешеніндегі 508 пәтердің кілті табысталды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған дейін жыл басынан бері 482 пәтер пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде – 16549 тұрғын кезекте тұр. Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 ...
Читать далее »ЖҰМАТ ШАНИН ТЕАТРЫ ШАҚЫРАДЫ!
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры желтоқсан айының 5-6 күндері сағат 18:30-да TURANDOT пьесасының желісі бойынша К.Гоццидің «Махаббат по расчету» спектакліне шақырады. Келіңіздер, көріңіздер, өкінбейсіздер! © Jetpisbai.kz
Читать далее »«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында
Түркістан облысы, Арыс қаласы «С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ЗОРЛЫҚ -ЗОМБЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ» тақырыбында ата–аналарға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы А. Мырзахметова, «Жастар ресурстық орталығы» психологы А.Үсен, мектеп психологтары және ата-аналар қатысты. Іс-шараның мақсаты: ата-аналар жиналысын өткізудің, ата-аналармен ...
Читать далее »Шымкентте шахматтан қалалық турнир жеңімпаздары анықталды
Шымкент қаласында «Зияткер ұлт» жобасы аясында 2024 жылдың қараша айында өткен шахматтан “Ойлы болсаң, озып көр” атты қалалық турнирі үлкен қызығушылық пен тартысты бәсекеге айналды. Бұл зияткерлік жарыс үш топ бойынша ұйымдастырылып, жастардан бастап ардагерлер мен ересектерге дейін барлығы өз шеберліктерін көрсетті. Турнир Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен ұйымдастырылды. ...
Читать далее »«ЭРУДИТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ және аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай, білім мен зияткерлікті дамытуға арналған облыстық “Эрудит” интеллектуалды ойыны өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы, Сайрам аудан әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы, аудан мәслихатының ...
Читать далее »ӨЗІ ДЕ, ҚЫЗЫ ДА – ПАРАҚОР АТАНДЫ!
Алпыстың асқарына көтерілген Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айтмұхаметәлі Бердашев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты мен Түркістан облысы әкімінің еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Грамотасын алғанына бес жыл толар-толмас уақытында қызы Ұлжан екеуі ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен айыпты болып танылды. Тергеу барысында және сот ...
Читать далее »БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК
Білім сапасы қоғамның болашағын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің даму стратегиясының негізі болып табылады. Оның деңгейі білім беру жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ экономиканың, мәдениеттің және әлеуметтік құрылымның даму мүмкіндіктерін анықтайды. Білім сапасын арттыру үшін әр түрлі ұйымдар мен мекемелердің ынтымақтастығы, яғни әлеуметтік серіктестік, өте маңызды рөл атқарады. Біздің міндетіміз – студенттерімізді заманауи еңбек нарығының талаптарына сай даярлау, сондықтан ЖОО-лар, қосымша ...
Читать далее »ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛЕРЕЯ
Түркістан облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті еліміздің мақтанышы болған педагогтердің есімін ұлықтап, олардың еңбегін ерекше атап өту мақсатында арнайы стенд әзірледі. Бұл стендте «Қазақстанның Еңбек Ері» және «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген ұстаздардың суреттері мен есімдері көрнекі түрде көрсетілген. Аталған бастама білім саласындағы майталман мамандардың еңбегін бағалап, жас буынға үлгі етуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары