Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2022 » Июль (страница 25)

Месячные архивы: Июль 2022

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. Шаһар басшысы еліміздің мұнайлы өлкесі және ірі туристік орталықтарының бірі – Маңғыстау төрінде іскерлік кездесу өтіп жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Кездесудің мақсаты – Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысы арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, туристер легін арттыру жолында бірлесе жұмыс істеу. Кездесу аясында тараптар өңіраралық туризм саласын дамыту бойынша өзара ...

Читать далее »

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстылықтың алдын алу бойынша мекемеаралық жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен аудан прокуроры,аға әділет кеңесшісі Айдархан Жорықбайұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Есімжан Надиров пен аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, аудан прокурорының орынбасары мен аудан прокуратурасының прокурорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. ...

Читать далее »

Полицейлер рейдтік шара кезінде мал ұрлап бара жатқан күдіктіні ұстады

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» бойынша рейдтік шара жүргізу кезінде, мал ұрлап бара жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында өздеріне күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін ...

Читать далее »

Полицейлер 1 күнде заңсыз ойын бизнесінің 2 дерегін анықтады

Түркістан облысында көлеңкелі бизнестің бір түріне айналған ойын бизнесін кәсіп еткендер, сондай-ақ, құмар ойынға салынғандар қатары көбейген. Бұл заңсыздықтың жолын кесумен полиция қызметкерлері қанша күресіп жатса да, адамдар бизнестерін тоқтатар емес. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушы ауылдардың бірінде заңсыз ...

Читать далее »

Ер адам ірі көлемді есірткімен ұсталды

Түркістан облысы Полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған  күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нақтырақ айтар болсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет ...

Читать далее »

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР

Шымкентте “Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс” атты семинар-тренинг басталды. Қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен өтіп жатқан семинар журналистер мен баспасөз қызметінің өкілдеріне арналған. Семинардың алғашқы күнінде басқарма өкілдері мен белгілі журналистер, блогерлер тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда жалпы журналистиканың даму бағыты, салалық заңға енгізілу үшін қаралып жатқан өзгерістер сөз болды. – Бұл семинардың берері мол болмақ. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙДІ 3 МЛН. ДЕЙІНГІ ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының директоры Д.Саудабаев пен директордың орынбасары Н. Сұлтанов арнайы БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде айтты. «Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі 8 шілде күні Шымкент қаласындағы Арбатта өтеді. Іс-шара сағат 18:00-де басталып, сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Бұл уақыт Отбасы банктің клиенттеріне ыңғайлы болу үшін таңдалды, яғни олардың әрқайсысы жұмыстан кейін жәрмеңкеге барып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін «Қоғам бірлігі — Жаңа Қазақстанның негізі» тақырыбында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ІІІ сессиясы өтті. Алқалы жиында ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында татулық пен қоғамдық келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін айрықша атап өтті. Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі рөлі мен әрі қарай дамыту ...

Читать далее »

ҚАРАТАУ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов аумақтағы көп қабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын пысықтап, тиісті нысандарды аралап шықты. Жұмыс барысында аудан әкімі қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен қызметкерлеріне, ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жұмысты сапалы орындауды тапсырды. — Қаратау ауданында 554 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 422 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне, 132-сі автономды жылу жүйесіне қосылған. Аудан әкімдігі ...

Читать далее »

Құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Күн тәртібінде жазғы маусымда жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру және жасөспірімдердің өз — өзіне қол жұмсау фактілер мен алдын-алу жұмыстары талқыланды. Комиссия шешімімен ауданда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы тиісті мекеме басшыларына жүктелді. ...

Читать далее »