Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК-де «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» Халықаралық кампаниясы аясында «Қауіпсіздік диалогы: зорлық-зомбылыққа бірге қарсы» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болды. Кездесуге қатысқан Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева отбасының сыйластықты ...
Читать далее »Годовые архивы: 2025
ШЫМКЕНТТЕ МӘМС АЯСЫНДА НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР САНЫ АРТТЫ
Шымкентте жоғары технологиялы нейрохирургиялық оталар қолжетімді бола түсті. Шымкентте өткен баспасөз туры барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің нәтижелері таныстырылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова журналистерге өңірдегі жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімділігі туралы кеңінен мәлімет берді. Арапкүл Әбдімәлікқызының айтуынша, МӘМС енгізілгеннен бері қала тұрғындарының күрделі операцияларға қол жеткізу мүмкіндігі айтарлықтай артқан. -Бүгінде Шымкентте ...
Читать далее »Шымкентте жұмыспен қамту жоспары артығымен орындалды
2025 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында жұмыссыздар саны 22 370 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз болды. Қалада еңбек нарығын тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстар жыл бойы жүйелі түрде жүргізілді. Биыл 49 655 азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған еді. 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 51 261 адам қатысып, жоспар 103,2 пайызға орындалды. Азаматтарға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспары да кезең-кезеңімен ...
Читать далее »АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ субұрқақтардың биылғы жұмысы мен келесі жылға жоспарлар жөнінде баяндамалар тыңдалды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдату шаралары қабылданғанын атап өтті. ...
Читать далее »ТУЫСТЫҚ ДОНОРЛЫҚ: ІНІСІ АҒАСЫНА ӨМІР СЫЙЛАДЫ
Шымкентте 244-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясына арналған 244-ші ота сәтті аяқталды. Бұл жолы донор — науқастың туған інісі болып, ағасының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Реципиент 2020 жылдан бастап «созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі» диагнозымен дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған. 2023 жылдан бері гемодиализ емін қабылдап келген. Аталған терапия бүйрек қызметін уақытша алмастырып, науқастың күнделікті ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Отарбаев мемлекеттік маңызы зор құжат – ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру және оның негізгі міндеттерін насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді,– деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Маңызды басқосу ел дамуының стратегиялық бағыттарын түсіндіруге және жұртшылықпен ашық пікір алмасуға арналды. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді азаматтар мен ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫСТА 5 ГЕКТАР АЛҚАПҚА АЛМА БАУЫ БОЙ КӨТЕРДІ
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Арыс қаласында арнайы жеміс бағын құру жөнінде қала әкімі Қайсар Маңқараев тарапынан нақты тапсырма берілген болатын. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 гектар жер аумағына 2 000 түп алма көшетін отырғызды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Көшеттер өңірде кеңінен сұранысқа ие «Салтанат», «Бес жұлдыз» және «Золотой превосход» сорттарынан таңдалып, олардың мол ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП ЖОБАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі ірі агроөнеркәсіп жобаларының жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-сапар аясында сенаторлар Келес және Шардара аудандарында болып, ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың жағдайын көзбен көрді. Делегация құрамында комитет төрағасы Әли Бектаев, комитет мүшелері, ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢ АУҚЫМДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында жылдар бойы қордаланған өзекті мәселелерді шешу мақсатында арнайы кеңес өтті. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жүргізіп, басқосуға өңір шаруалары мен бірқатар құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Jetpisbai.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеңеске Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында қаланың денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары және орындаушылық тәртіптің сақталуы жөніндегі жұмыстар талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Бүгінде Түркістан қаласында 18 медициналық ұйым қызмет атқарады. Қала бойынша 269 285 тұрғын медициналық ұйымдарға тіркелсе, оның 219 135-і сақтандырылған, ал 48 792 тұрғын сақтандырылмағаны анықталды. Сонымен қатар, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары