Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ НАСИХАТТАЙТЫН НЕМЕСЕ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАЙТЫН 900-ГЕ ЖУЫҚ ГРАФФИТИ СУРЕТТІ ЖОЙЫЛДЫ

ЕСІРТКІ ЗАТТАРДЫ НАСИХАТТАЙТЫН НЕМЕСЕ ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАЙТЫН 900-ГЕ ЖУЫҚ ГРАФФИТИ СУРЕТТІ ЖОЙЫЛДЫ

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде Еңбекші ауданында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын алдын алу мақсатында есірткі заттарды (синтетикалық) қолданудың және олардың таралуының зияны, жазаның бұлтартпастығы және өзге де әлеуметтік салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Ағымдағы жылдың басынан Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары және жедел уәкілдер қылмыс жасауға бейім азаматтарды, түнгі мезгілде қоғамдық орындарды ерекше бақылауға алып, әкімшілік аумақта аралау жұмыстарын, тұрғындар арасында профилактикалық рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысты жалпы 58 жайтты анықтап, аудан аумағында ғимараттардың, инфрақұрылымдық жүйелердің сыртқы қабырғаларына есірткі заттардың қысқаша атауларын немесе оларды интернет жүйесінде өткізетін сайттардың сілтемелері көрсетілген жазбалар, 900-ге жуық граффити-суреттерін анықтап өшірді. Атап айтқанда:
— ҚР ҚК-нің 296 — бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша 49 қылмыс;
— ҚР ҚК-нің 297 — бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша 7 қылмыс;
— ҚР ҚК-нің 300- бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша 2 қылмыс тіркелген;
— 840 граффити жарнама жойылды.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Еңбекші полицейлері есірткі заттарымен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді!
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*