Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АҚДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ИГІ ІСКЕ БІРІКТІ

АҚДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ИГІ ІСКЕ БІРІКТІ

Еліміздің барлық аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны белгілі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 10 человек
Акция басталғалы Арыс қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін Ақдала ауылының тұрғындары акцияны қолдап, ауылда жаппай тазалық шарасын өткізді.
Ауыл қариялары мен ақжаулықты әжелері бастаған, ауыл жастары мен әкімдік мамандары қостаған сенбілік көңілді өтті.
Таң атпастан қолдарына құрал-саймандарын ұстап, тазалық шарасына кіріскен ақдалалықтар күл қоқысты жинап, жол жиегіндегі арамшөптерді шапты. Барлығы арнайы көлікке тиеліп, арнайы полигонға шығарылды.
«Ауылымыз бәрімізде ортақ болған соң, оны таза ұстау да барлығымыздың ортақ міндетіміз» дейді ауыл ақсақалы Жұмаділлә Қашқынбеков. Игі іске біріккен ақдалалықтар аталған шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Возможно, это изображение 9 человек
Айта кетейік «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында қаламызда, қалаға қарасты ауылдарда тазалық жұмыстары жалғаса береді. Әр тұрғын өз үй іргесін тазалап, талдарды әктеп, көшесін реттесе — тазалық шарасы нәтижелі болмақ!
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*