Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

Халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт, Қарабау, Қ.Әбдалиев, Сарапхана, Жігерген ауыл округтерінен келген бірқатар аудан тұрғындармен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындар ауыл округте ардагерлер үйін салу, үй іргелік жер учаскесін сұрау және жер учаскесі құжаттары бойынша, ағын су және ауыз су мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы барша сұрақтар мен өтініштерді тыңдап, нақты дәлелдермен жауап қатып, тиісті бөлім басшыларына заң аясында өтініштердің шешімін табуды тапсырды.
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*