Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 27 маусым күні аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия отырысында мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысы Е.Сейфуллаевтың баяндамасы тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды және аталған салаларда алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде ескертіліп, тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижесінде анықталған тәуекелдер туралы аудан әкімі аппараты заң бөлімшесінің бас инспекторы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия хатшысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген жұмысшы топтың мүшесі Ф.Сидиков анықталған тәуекелдерді баяндап, комиссия мүшелері бұл өзекті мәселені талқылап, жоспарға сәйкес тәуекелдерді уақтылы жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде дербес бөлімдердің басшыларына тапсырма берілді.
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*