Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » БАЛНҰРДЫҢ БАЛДАЙ ТӘТТІ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС КӨП

БАЛНҰРДЫҢ БАЛДАЙ ТӘТТІ ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС КӨП

Леңгір қаласындағы «L.TATTI.ALEM» кондитерлік дүкенінің ашылғанына биыл 6 жыл болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение торт и клубника
«Ол кезде Леңгірде кондитерлік өнімдер шығаратын өндіріс орны жоқ болатын. Үйімізге қонақ шақырар кезде дастарқанға қоятын тәттілерді Шымкентке барып алып келетінбіз. Кейіннен маған қала орталығынан кондитерлік өнім шығаратын цех ашу туралы ой келді» дейді біз әңгімеге тартқан кондитерлік дүкеннің иесі Балнұр Ашетова.
Балнұр Батырханқызы бала күтімімен декреттік демалыста отырған аналарды ғана жұмысқа алыпты. «Менің о бастағы мақсатым кондитерлік өнімдерді шығаратын өндіріс орнын ашу ғана емес, декреттік демалыста бала күтімімен отырған аналардың табыс табуына көмектесу болды. Бүгінде кішкентай бөбегі бар аналардың күніне кем дегенде 3-4 сағат болса да жұмыс істеуіне мүмкіндік жасағаныма қуаныштымын» дейді кейіпкеріміз.
Возможно, это изображение клубника и торт
Қазіргі таңда кондитерлік цехта 25 келіншек жұмыс істейді. Балнұр Батырханқызы алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, бала күтімімен үйде отырған аналарды көптеп жұмысқа тартуды мақсат етіп отыр. Оның тәттілеріне де сұраныс артып келеді. Әуел баста көрші-қолаңдарына сататын торт, пирогтарға бүгінде қала тұрғындары да көптеп тапсырыс беріп жатады. Соған сай Балнұр да рецептін түрлендіріп, өнім түрлерін көбейтпек.
Әсел ӘБДІКЕР,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті.
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*