Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » НӘТИЖЕ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

НӘТИЖЕ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 13 человек, люди учатся и текст
Жобаның мақсаты: Осал топтағы әйелдерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға үйрету.
Жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімде әйелдер смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу сынды тақырыптарды игереді.
Жоба әйелдерге не береді?
Жоба әйелдердің жеке кәсіп бастауына және отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге шығуға мүмкіндік береді.
Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст
Жобаның жетекшісі Дара медиа холдинг басшысы Рухабза Халдарбек және Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева, Сымбат Жүзенқызы сынды белгілі тренерлер.
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*