Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ХАБАРЛАНДЫРУ: «ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН АТЫС ҚАРУЫН САТЫП АЛУ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ХАБАРЛАНДЫРУ: «ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН АТЫС ҚАРУЫН САТЫП АЛУ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Ағымдағы жылғы 22 сәуірден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталған болатын, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека
Іс-шараға республикалық бюджеттен Түркістан облысына 14 миллион теңге шамасында қаржы бөлінген.
▫️Айта кетсек, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне, оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес 100 АЕК немесе 369 200 теңгеге дейін сыйақы беріледі. Сондай-ақ тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Нет описания фото.
❗️Сондықтан тұрғындар заңсыз сақтап жүрген ата, әкеңізден қалған, тауып алған тіркелмеген қаруларыңыз болса, тиісті органға тапсырыңыздар.
© Didarbek.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*